Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру

Сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу (4-сынып): А. Құдайбергенов — «Ақжайық»

Мекеме: Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы

Оқулық: «Әдебиеттік оқу», 4-сынып. Алматыкітап баспасы, 2011. (Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова)

Жалпы мақсаттар

  • Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
  • Шығарманың мазмұны мен идеясын таныту.
  • Патриоттық және отаншылдық тәрбие беру.
  • Эстетикалық және экологиялық көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.

Оқыту нәтижелері

  • Ел, жер, өзен-көлдерді тану арқылы табиғат әсемдігін түсінеді.
  • Іздену, талдау дағдыларын дамытады, білім көкжиегін кеңейтеді.

Негізгі идея

Күрделі сөздердің түрлерін және олардың жазылу ережелерін білу.

Бағалау критерийлері

3 ұпай

Мазмұнын қарапайым, оқулық тілінде баяндау.

4 ұпай

Талдау жасай отырып, өз сөзімен баяндау.

5 ұпай

Талдау жасап, өз сөзімен жеткізу; кейіпкерлерге мінездеме беру; ойын дәлелдеу.

Сабақ барысы: үш кезең

Сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын оятудан басталып, мәтінді терең түсінуге, кейін ой толғаныс пен қорытындылауға ұласады.

I. Қызығушылықты ояту

7 минут

Ой қозғау: жұмбақ

Айдында жүзеді.
Тірі күміс сүзеді.
(Жауабы: балық)

Топтастыру тапсырмасы

  • I-топ: балық атауларын топтастыру.
  • II-топ: су қоймаларының түрлерін атау.
  • III-топ: өзен мен теңізді салыстыру.

Болжау сұрағы

Мәтін мазмұны не туралы болуы мүмкін?

Жергілікті мазмұндағы бағыттаушы сұрақтар

  • Біздің облысымыз қандай балықтарымен танымал?
  • Атырау қаласын екіге бөліп жатқан қай өзен?

II. Мағынаны тану

9 минут

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Жайық өзенінің сипатын әңгімелеу.
  • Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Топтық тапсырмалар

  • I-топ: суға қатысты тыйым сөздерді айту.
  • II-топ: мақал-мәтелдер келтіру.
  • III-топ: тақырыпқа сай жұмбақ құрастыру.

Түсіндіру өзегі

Жайық өзенінің бастауын, табиғи байлығын, сондай-ақ «Ақжайық» аталу себебін талқылау.

III. Ой толғаныс

7 минут

«Екі жақты күнделік»

Мәтіннен түсінгенім

Оқушы мәтіннің негізгі ойын қысқаша жазады.

Түсініксіз терминдер

Түсінбеген сөздер мен ұғымдарды белгілейді.

Бекіту және қорытындылау

  • Сергіту сәті.
  • Топтық жұмыс: мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
  • «Ортадағы қаламсап» әдісімен қойылған сұрақтарға жауап беру.

Ұйымдастыру және жұмыс форматы

Ұйымдастыру (3 минут)

Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

  • Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
  • Өзін-өзі бағалау критерийлерімен таныстыру.
  • Оқушыларды түстер бойынша 3 топқа бөліп отырғызу.

Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)

Үй тапсырмасын оқыту, талдау және формативті бағалау.

Бағалау, рефлексия және үй тапсырмасы

Бағалау (4 минут)

  • Топ басшылары критерийлер арқылы топ мүшелерін бағалайды.
  • Оқушылар өз көңіл күйі туралы қысқаша пікір жазады.

Үй тапсырмасы

Мәтін мазмұнын өз сөздерімен баяндап келу.

Кейінгі тапсырмалар (мұғалім үшін)

  • Жазба жұмыстарында қос сөз түрлерін ажыратуын бақылау.
  • Әріптестермен ақылдасып, ұсыныстарды жинақтау.
  • Тәжірибе негізінде енгізілген өзгерістерді сипаттау.