Дауысты дыбыстан өткенді қайталау

Тақырыбы

Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау.

Мақсаты

А) Білімділік

Бастауыш сыныптарда меңгерген дауысты дыбыстар туралы ұғымды жетілдіру; дауысты дыбыстардың емлесін, дұрыс айтылуы мен жазылуын кеңейтіп, тереңдету.

Ә) Дамытушылық

Логикалық ойлауды дамыту, анық әрі ашық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Б) Тәрбиелік

Сабаққа қызығушылығын арттыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Үлестірме кесте
  • Карточкалар
  • Плакатқа жазылған сөздер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

2) Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген өлеңді жатқа сұрау, қысқаша талдау.

3) Дәптермен жұмыс (254-жаттығу)

Сөз жұптарын жаздыру, дауысты дыбыстардың астын сыздыру:

түс — сүт
сақ — қас
сан — нас
тақ — қат
шақ — қаш

4) «У» дыбысына байланысты жұмыс (жуан және жіңішке)

Мысал сөздер арқылы «у» дыбысының айтылуын талдау:

қауын жуан жуу жау асау жүру

Шаралау үшін әуені,
Қуат керек әуелі.

5) Карточкамен жұмыс (255-жаттығу)

Сөздерді оқыту және дауысты дыбыстарды ажырату:

алма
іні
ынталы
ата
ана
әже
алма
аула

6) «Кім шапшаң?» ойыны

Мақал-мәтелдерді жалғастырып оқу:

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.

7) Жұмбақ шешу

Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.

Жауабы: жұмыртқа

Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Жауабы: жыл, он екі ай, күн

8) Анаграмманы оқу

  • Бірінші сөз: Табылды аңшыдан.
  • Екінші сөз: Жердің өркеш биігі.
  • Жолдың ақыры мен қиыры.
  • Қос жұмбақ сөз: Сөз құраса бірігіп, бізге «бер» деп аспа келер жүгіріп.

Жауабы: оқ — отау

9) Тақтамен жұмыс (256-жаттығу)

Жуан дауыстыларды бір бөлек, жіңішке дауыстыларды бір бөлек етіп жазу.

Қорытынды бөлім

Қайталау сұрақтары

  • Дауысты дыбыстар нешеу?
  • Тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке)
  • Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң
  • Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: дауысты дыбыстар туралы ережені қайталау. Келесі сабақта диктант жазылады.