Табиғаттың әсем мезгілі Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер

Ертеңгіліктің тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Мақсаты

  • Балаларға күз мерекесіне тән белгілерді байқатып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
  • Жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйретіп, табиғат сұлулығын тамашалауға баулу.
  • Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтар, әндер мен билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.

Тәрбиелік мәні

Күз — еңбектің нәтижесі көрінетін, молшылық пен берекенің айқын мезгілі. Бұл ертеңгілік балалардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, күз сыйын қадірлеуге, ортақ қуанышты бірге бөлісуге бағытталған.

Негізгі ой: Күздің әр белгісі — табиғаттың тілсіз әңгімесі; оны көре білу — қамқорлыққа бастайтын алғашқы қадам.

Мерекелік ертеңгілік барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі — Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел ырысын арттырған берекелі де мерекелі күз құтты болсын. Сары алтындай күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Сахналық көрініс

«Ақжелкен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

Музыкалық кіріспе

Балалар залға «Листопад» биімен кіреді, қолдарында жапырақтар.

Балалардың тақпақтары

Ермағанбет

Қуаныштың, ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.

Ақтілек

Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс,
Мол өнім сыйыңды.

Гүлдариға

Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.

Мөлдір

Миновало лето, осень наступила.
На полях и в рощах пусто и уныло.
Птички улетели, стали дни короче,
Солнышка не видно, темны, темны ночи.

Әлихан

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Фариза

Ходит осень в нашем парке,
Дарит осень всем подарки:
Бусы красные — рябине,
Фартук розовый — осине,
Зонтик желтый — тополям,
Фрукты осень дарит нам.

Ғазиза

Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге төгілді.

Ерекше белгі

Тақпақтарда күздің басты нышандары айқын көрінеді: егіннің жиналуы, жапырақтың түсуі, күннің қысқаруы, құстардың жылы жаққа ұшуы.

Ұйымдастыру туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Ақшұқыр мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесі, «Кәусар» шағын орталығы.

Өткізген тәрбиеші

Калиева Мария Жанабаевна