Балалар күннің екінші жартысында қызықты ойын ойнағанбыз

Сабақ туралы ақпарат

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасы

I-кіші топ Тәрбиеші: Ербозова Бақыт

Тақырыбы

Менің сүйікті ойыншықтарым

Көрнекілік

Ойыншықтар

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Жеке баламен жұмыс
  • Бой сергіту

Мақсаты

  • Заттардың атын дұрыс атап, сипаттама бере білуге үйрету.
  • Түстер мен пішіндерді дұрыс ажыратып айтуға дағдыландыру.
  • Дыбыстарды дұрыс айту, 2–3 сөзден сөйлем құрау.
  • Сөздік қорын молайту, логикалық ойлауын дамыту, ойынға қызығушылығын арттыру.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

«Ғажайып сәт»: жылы Күннің шығуы арқылы сабаққа қызығушылық ояту.

Жылы күн

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші

Балалар, қараңдаршы: тобымыз жап-жарық болып кетіпті. Алтын сәулесін таратып тұрған нені көріп тұрсыңдар?

Балалар

Күн! Күн шықты!

Тәрбиеші

Күннің түсі қандай?

Балалар

Сары.

Тәрбиеші

Ал пішіні қандай?

Балалар

Дөңгелек.

Жылы шеңбер

Балалар қол ұстасып, бір-біріне алақан жылуын сыйлайды. Дөңгелене тұрып, күннің бейнесін жасайды. Бұл — достық пен татулықты көрсетудің қарапайым әрі әсерлі тәсілі.

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі

Үй жануарларының атауын, түсін және дыбысын еске түсіру.

Еске түсіру

Үй жануарлары

Балалар қой, ешкі, сиыр, түйе сияқты жануарларды атап шығады. Тәрбиеші олардың барлығы бір сөзбен «үй жануарлары» деп аталатынын нақтылайды.

Дыбыстау жаттығуы

  • Сиыр «Мө-мө-мө»
  • Ешкі «Мә-мә-мә»
  • Түйе «Бө-бө-бө»
  • Жылқы «Ио-ио-ио»

Тәрбиеші балаларды мадақтайды: үй жануарларының дыбыстарын дұрыс айтып, белсенді қатысқанын атап өтеді.

«Сиқырлы таяқша» және ойыншықтар әлемі

Ойыншықтарды атау, түсін-пішінін ажырату, қысқа сөйлем құрау.

Көрсету

Қуыршақ

Атауы

Айша

Түсі

Көйлегі — қызыл.

Кім ойнайды?

Көбіне қыз балалар.

Доп

Пішіні: дөңгелек

Түсі: көк.

Не істейміз? Ойнаймыз.

Тақпақ

Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап. Балшыққа сен жолама, Жек көремін оны да. Бүлдіресің үстіңді.

Тәрбиеші Нұрсаяны мадақтайды.

Аю

Нені жақсы көреді?

Балды.

Қайда тіршілік етеді?

Орманда.

Қимыл

Қорбаң-қорбаң жүрісін салып көрсету.

Тақпақ

Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық.

Көлік

Көліктің дөңгелектері болады. Көлік сол дөңгелектер арқылы жүреді.

Көлікті кім жүргізеді? Ағаларымыз, әпкелеріміз.

Тақпақ

Бип, бип, бип дейді, Жолдан былай кет дейді. Күшікті басуға, Болмайды, болмайды машина.

Тәрбиеші Ерасылды мадақтайды.

Сылдырмақ

Сылдырмақпен ойнаймыз. Ол сылдыр-сылдыр етіп дыбыс шығарады.

Тақпақ

Сылдыр, сылдыр, сылдырмақ, Шақырады сылдырлап. Қарайды қуыршақ, Қарайды құлыншақ.

Рефлексивті-түзетуші кезең

Жинақтау, қорытынды және тәртіпке баулу.

Қорытынды

Жинақтау сұрағы

Үстел үстіндегі заттарды атаймыз: қуыршақ, көлік, сылдырмақ, аю, доп. Бұлардың барлығы — ойыншықтар.

Маңызды ереже

Ойыншықтармен ұқыпты ойнау керек: сындырмаймыз, ойнап болған соң сөресіне жинап қоямыз.

Мадақтау және аяқтау

Балалар бүгінгі ойынға белсенді қатысты, тақпақтарды мәнерлеп айта білді. Тәрбиеші Нұрсая мен Ерасылдың орындауын ерекше атап өтеді. Соңында балалар сүйікті ойыншықтарына арнап әдемі ән айтып береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Ойыншықтардың атын атап, олар туралы тақпақтарды біледі.

Игерді

Түстер мен пішіндерді ажырата алады.