Балдәурен Ғалымжанова Гүлдана - Сыған биі

Шара туралы мәлімет

Өтетін орны

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі

Жауапты мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Макуова Нұршат Аманқосқызы

Тақырыбы

«Ғажайып бір минут»

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға ОРТ телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Ғажайып бір минут» шоуы туралы түсінік беру.
  2. 2 Өнері мен шеберлігін көпшілік алдында көрсетуге ынталандыру.
  3. 3 Шығармашыл, арманшыл оқушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ету.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Нақыл сөздер
  • Тақырып жазылған плакат
  • Парақшалар және т.б.

Жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Қатысушыларды қарсы алу, залдың дайындығын тексеру, топтарды орналастыру.

II. Кіріспе

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгін біз ОРТ телеарнасынан көріп жүрген «Ғажайып бір минут» шоуының желісімен өтетін шараны ашық деп жариялаймыз.

Негізгі бөлім

Қатысушы топтар

Бұл шараға 4 топтың мүшелері қатысады. Оқушылар ортаға шығып таныстырылады, дайындықтары нақтыланып, назарлары сайысқа аударылады.

  • 1-топ Балдәурен
  • 2-топ Ақкөгершін
  • 3-топ Балдырған
  • 4-топ Болашақ

Жүргізушілер және ашылу

Жүргізуші: Аян

Сайысты ашу үшін кезек «Шашу» биіне беріледі (қыздар тобы).

Жүргізуші: Назым

Әділ бағалау үшін әділқазылар алқасы таныстырылады.

Әділқазылар алқасы

Лагерь меңгерушісі

Тасеменова Райгүл

Лагерь тәлімгері

Макуова Нұршат

Лагерь музыканты

Жұбанғарин Амантай

Лагерь көркемдік жетекшісі

Мәтеуова Зинегүл

1-бөлім: «Кім өнерлі?»

Жүргізушілер әр сайыскерді ортаға шақырып, өнерін тамашалайды.

1-топ — Балдәурен

Ғалымжанова Гүлдана — ұлттық би

2-топ — Ақкөгершін

Сүйесінова Арайлым — сиқыр көрсету (фокус)

3-топ — Балдырған

Аманкелді Нұрболат — құмнан сурет салу

4-топ — Болашақ

Жәңгір Мөлдір — өзбек биі

Жүргізуші (Назым): сайыскерлермен сұхбат жүргізіледі, сұрақтар қойылады, әділқазылардың ақыл-кеңестері тыңдалады.

2-бөлім: «Кім жаңашыл?»

Бұл бөлімде қатысушылар өз өнерін жаңа қырынан көрсетіп, шығармашылық ізденісін танытады.

1-топ — Балдәурен

Ғалымжанова Гүлдана — сыған биі

2-топ — Ақкөгершін

Сүйесінова Арайлым — кептерлермен бірге (фокус)

3-топ — Балдырған

Аманкелді Нұрболат — ермексаздан мүсін сомдау

4-топ — Болашақ

Жәңгір Мөлдір — татар биі

Қорытынды

Әділқазылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалады. «Ғажайып бір минут» шарасына қатысқан барлық топ мүшелеріне алғыс айтылып, жүлделі орындар табысталады.

Нәтижелер

  • 1-орын Ақкөгершін тобы
  • 2-орын Балдәурен тобы
  • 3-орын Болашақ тобы
  • 3-орын Балдырған тобы