Біржан сал Абай ауылында әңгімесін сұрау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е. • Пән: Қазақ әдебиеті • Сынып: 6
Сілтеме: жоспар, оқулық.
Жалпы мақсаты
- Теориялық білімді практикамен ұштастыру.
- Тілдік тұрғыдан талдауға үйрету.
- Адамгершілікке, ізгілікке баулу.
- Елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
- Көркем шығарманың мазмұнын меңгереді.
- Топтық жұмыс арқылы ойды еркін әрі ашық жеткізеді.
- Әдеби дүниетанымы кеңейеді.
- Пәнге қызығушылығы артады.
Түйінді идеялар
- Әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау.
- Мінездеме беру.
- Көрініс көрсету арқылы образға ену.
Ақпарат көздері
- Интерактивті тақта, электронды оқулық.
- Абай, Біржан, М. Әуезов портреттері.
- Тірек сызба, тапсырма парақтары.
Сабақтың барысы
Бұл бөлімде мұғалімнің әрекеттері кезең-кезеңімен берілген. Тапсырмалар топтық талқылауға және мәтінді терең түсінуге бағытталған.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
- Ақын-жазушылардың аттарын таңдату арқылы топқа бөлу және зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды топ болып ақылдаса орындайды:
- I топ Абай
- II топ Біржан
- III топ Мұхтар
Әр топ өзіне берілген тұлға туралы қысқаша мәліметті тақтаға «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазады.
Қосымша жұмыс
«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесі сұралады. Үш топқа бірдей сұрақ қойылады; бірінші болып қол көтерген топ жауап береді.
Топтардың жауабы бейнероликпен толықтырылады (электронды оқулық, 6-сынып).
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
Мәтінді түсіну, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты тану және өнер тақырыбын талдау мақсатында.
- Үзіндіде ұлы Абай мен Біржан сал арасындағы көңіл жарастығы мен шынайы сыйластық қалай суреттелген?
- Біржан Абайға қандай ән орындап берді?
- «Жанбота» әніне байланысты Абай Біржанға қандай пікір айтты?
- Әмір бастаған әнқұмар әрі өздері де өнерлі жастар тобынан кімдерді атар едіңдер?
- Әйгерімнің әнін Абай қандай сезіммен қабылдады?
- Біржан әншіге қандай баға берді?
I топ
Абай
II топ
Біржан (реферат)
III топ
Мұхтар
III. Жаңа сабақ
Тақырып: «Біржан сал Абай ауылында» (талдау). Әр топқа төмендегі тапсырмалар беріледі.
I тапсырма
«Кейіпкерлер әлемі» кестесін толтырыңдар.
II тапсырма
Оқиға кейіпкерлеріне талдау жасаңдар.
III тапсырма
Абайдың және Біржанның портреттері бойынша сипаттама беріңдер.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың белсенділігі қалпына келтіріледі.
IV. Түсінікті тексеру
Тест (электронды оқулық, 6-сынып)
-
Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты:
- а) Сабалақ
- ә) Телғара
- б) Ерасыл
-
«Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» — кімнің сөзі?
- а) Абай
- ә) Біржан
- б) Әйгерім
Ескерту: тесттің толық нұсқасын электронды оқулықтан жүктеуге болады.