Даналар сөзі

Әдеби кештің басталуы

Құрметті студенттер, қонақтар және ұстаздар! Іс-шараны бейнефильм тамашалаудан бастайық. Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» атты әдеби кешке қош келдіңіздер.

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары — туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік қазына.

І жүргізуші

Қайырлы күн! Бүгінгі іс-шараны бейнефильм тамашалаудан бастайық! Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» тақырыбымен өтетін әдеби кешке қош келдіңіздер!

II жүргізуші

Добрый день! У каждого народа есть по-особому святые личности, память о которых живет в сознании благородных потомков. Для казахов Абай является именно такой личностью.

Великий сын степи привольной,
Талант величественных гор,
Чингисских дол зерно востока,
Поэт, писатель и мудрец.
Мыслитель века непокорный
В дом каждого Абай вошел!

Весь мир — в стихах души бескрайней,
И строки жизни — в назидание,
Нам сын казахский преподнес!

Мы начинаем литературный вечер под названием «Поэзия Абая на языках мира», посвященный 170-летию со дня рождения великого казахского поэта Абая Кунанбаева.

Абай Құнанбайұлы: өмірі мен мұрасы

Абай Құнанбайұлы — ірі ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Төменде ақын өмірі мен еңбегінің негізгі кезеңдері хронология түрінде берілді.

1845

Семей облысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим.

1855

10–12 жас шамасында мұсылманша оқып, хат таныды.

1859

14 жасында өлең шығара бастады.

1865

20 жасында от тілді шешендігімен, халық өмірі мен әдет-ғұрпын, ел билігіне қатысты істерді терең білуімен танылды.

1875

30 жасында беделі артқан білікті тұлғаға айналды. Ұрлық жасағандарға жазаны қатал қолданып, ел ішіндегі ұрлық-қарлыққа тыйым салуға күш салды.

1904

60 жасында Семей уезі, Шыңғыс болысында қайтыс болды.

1909

Абайдың өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді.

Абай өлеңі — уақыттың айнасы

Абайдың әр өлеңі — бір әлем. Ақын өз шығармаларында замана тынысын, уақыт келбетін жан-жақты суреттейді. Оның ақындық дарыны аса қуатты әрі сан қырлы.

«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»

Оқитын: Орахбай • Ақыл • ҚӨШ-15 тобы

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Қорытынды

«Абай поэзиясы әлем тілдерінде» әдеби кеші — ұлы ақын мұрасын бүгінгі ұрпақ санасына жақындатып, оның сөз өнеріндегі биігін әлемдік кеңістікпен сабақтастыра танытатын рухани басқосу.