Көбейтудің заңдарын ата

Математика (4-сынып): Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

Бұл сабақта оқушылар үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін меңгереді, есептер арқылы логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Проблемалық оқыту
  • Болжау

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Ойындар
  • Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Құрметпен сіздерге,
Бас иеміз біз.

2) Психологиялық дайындық

Көп ойнаған бала — болады,
Көп ойланған — дана болады.

3) Қызығушылықты ояту

Оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау үшін қысқа сұрақтар мен тапсырмалар арқылы ой қозғау жүргізіледі.

4) Өткенді пысықтау (үй тапсырмасын тексеру, №9)

1) Қашықтықты табу үшін не істейміз?

Жауабы: s = v · t

2) 40 пен 8-дің көбейтіндісі нешеге тең?

Жауабы: 320

3) Уақытты қалай табамыз?

Жауабы: t = s : v

4) Периметрді табу үшін не істейміз?

Жауабы: (a + b) · 2

5) Жылдамдықты қалай табамыз?

Жауабы: v = s : t

6) Көбейтудің заңдарын ата.

Жауабы: ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік.

5) Жаңа сабақ

№1. Көбейтуді орындау

Үш таңбалы санды разряд бойынша жіктеу

5 · 457
5 · (400 + 50 + 7)
= 2000 + 250 + 35
= 2285

№2. Кері амал арқылы тексеру

Көбейту ↔ бөлу байланысы

5 · 457 = 2285
2285 : 5 = 457

№3. Бөлуді орында және тексер

Тексеру: бөлінді · бөлгіш = бөлінгіш

I топ

3720 : 465 = 8
8 · 465 = 3720

II топ

2552 : 319 = 8
8 · 319 = 2552

III топ

2944 : 736 = 4
4 · 736 = 2944

№4. Қалдықпен бөлуді орында

Жауап үлгісі: a : b = q (қ r)

I топ

3781 : 465 = 8 (қ 61)

II топ

2987 : 736 = 4 (қ 43)

III топ

2552 : 319 = 8 (қ 146)

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Математика, 4-сынып
Мұғалім
Абдикеева Замзагүл Советовна