Моңғол империясының Орта Азия және Қазақ жеріндегі мемлекеттермен өзара қарым - қатынасы көрші елдермен саясаты

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Бөлім

7.3A — XIII–XV ғғ. Қазақстан

Тақырып

Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? (2 сағат)

Сынып

7-сынып

Қатысқандар саны: ____ · Қатыспағандар саны: ____

Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары

Сабақ негізделген оқу мақсаты

  • X–XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
  • Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерді талдау.

Нәтиже (күтілетін дағдылар)

Оқушылар Шыңғысхан дәуіріндегі мемлекет құру алғышарттарын, басқару жүйесін және әскери ұйымды талдап, карта мен деректер арқылы себеп–салдарды түсіндіреді.

Тарихи концепт (фокус)

Себеп – салдар

Тілдік мақсат және тірек сөздер

Тілдік мақсат

Оқушылар Шыңғысхан туралы бейнематериалды тыңдап (тыңдалым), негізгі ақпаратты анықтап, сұрақтарға жауап береді.

Сыныптағы диалог/жазылымға арналған пайдалы тіркестер

  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?
  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?
  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, lead the discussion with prompts.
  • Take ideas and ask: What do you think the result might be? What would the pictogram look like?

Негізгі сөздер мен тіркестер

халық жорық шапқыншылық әлеумет әлеуметтік топ оң қанат сол қанат

Бағалау критерийлері

  • Моңғол империясының 1206 ж. және 1227 ж. территориясын картадан салыстырады.
  • «Яса» заңдар жинағы және өзге деректер негізінде мемлекетке тән негізгі белгілерді анықтап, моңғолдардың мемлекет деңгейіне жеткенін дәлелдейді.
  • Көшпелілердің әскери өнерінің кемінде 3 ерекшелігін сипаттайды.
  • Шыңғысхан жорықтарынан кейін Орталық Азиядағы өзгерістер мен Қазақстан жерінде құрылған ұлыстар туралы кестені толтырып, картаға түсіреді.

Пәнаралық байланыс, ресурстар және құндылықтар

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы

Қауіпсіздік және АКТ

  • Санитарлық нормаларға сай қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  • Интерактивті тақта, планшет қолдану.

Құндылықтар

патриотизм батылдылық көшбасшылық төзімділік бостандық

Алдыңғы білім

Оқушылар Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайын біледі.

Сабақтың барысы

Басы (7 минут)

  • Оқушыларға Шыңғысханның суретін көрсетіп, «Ойлан – Жұптас – Талқыла» стратегиясы арқылы сипаттатады.
  • Моңғол империясының екі кезеңдегі территориясын салыстырып, суреттегі тұлғамен байланысын анықтау арқылы сабақ тақырыбын болжатады.
  • Тақырып айқындалған соң, оқушылар 3Б кестесін (Білемін – Білгім келеді – Білдім) толтырады.

Зерттеу сұрақтары

Оқушылардың «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарына сүйене отырып немесе төмендегі дайын нұсқаны қолдануға болады:

  • Шыңғысхан империясының құрылу себептері қандай?
  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?
  • Шыңғысхан жорықтарынан кейін Қазақстан территориясында қандай өзгерістер орын алды?

Зерттеу және талдау

  • Сыныпқа моңғол мемлекетінің құрылуы туралы бейнематериал көрсетіледі.
  • Көру барысында оқушыларға бағыттаушы сұрақтар беріледі және жауаптары талқыланады.

Бейнематериал бойынша сұрақтар

  • Алғашқы моңғол мемлекеті қалай және қайда құрылды?
  • Шыңғысхан қандай тайпаларды бағындырды?
  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?

Бұл сұрақтар «Ойлан – Жұптас – Талқыла» стратегиясы арқылы алынған білімді нақтылап, толықтыруға көмектеседі.

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, 5–7 сөйлем көлемінде пікір жазады және қысқаша түйін (резюме) жасайды. Тақырыпты ашуға көмектесетін бағыттар:

  • Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысхан феномені: көшбасшылық пен әскери ұйымның рөлі.
  • Моңғол империясының Орта Азия және Қазақ жеріндегі мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы және көрші елдерге қатысты саясаты қандай болды?

Дереккөз және автор туралы белгі

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖОББ Амангелді мектеп-балабақшасы. Әлеуметтік педагог: Жанна Букенбаевна Ислямгалиева.

Ескерту: мәтін мазмұны оқу-әдістемелік жоспар үлгісі ретінде өңделіп, тілдік қателері түзетілді.