Квадрат теңдеуМатематика 8 сыныпСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақ туралы мәлімет
Пән
Математика (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Квадрат теңдеу
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
- Түсіндірмелі әдіс
- Сұрақ-жауап
- Топтық және жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс
- Информатика
- Қазақ тілі
Көрнекіліктер
- Оқулық, есептер жинағы
- Интерактивті тақта, мультимедиа
- Кестелер, формулалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Квадрат теңдеу ұғымын қалыптастыру, оларды есеп шығаруда қолдануға үйрету, келтірілген теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық
Жаңа технологиялық әдістерді пайдаланып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру; есептеу дағдыларын және танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ой шапшаңдығына, нақтылыққа, дәлдікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Негізгі түсінік: квадрат теңдеу
Анықтама
ax2 + bx + c = 0 түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Мұнда a, b, c — нақты сандар, a ≠ 0, ал x — айнымалы.
a — бірінші коэффициент
a
b — екінші коэффициент
b
c — бос мүше
c
Толық квадрат теңдеу
Егер b ≠ 0 және c ≠ 0 болса, онда теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.
Мысалдар
- x2 − 2x − 10 = 0
- 3x2 − 8x + 50 = 0
- 2.1x2 + 10x + 80 = 0
Толымсыз квадрат теңдеу
Егер b немесе c, не екеуі де нөлге тең болса, онда мұндай теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
1) c = 0
ax2 + bx = 0
2) b = 0
ax2 + c = 0
3) b = 0, c = 0
ax2 = 0
Келтірілген квадрат теңдеу
Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент a = 1 болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады және x2 + px + q = 0 түрінде жазылады. Мұнда p және q — кез келген нақты сандар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты ашық сабаққа дайындау. Оқушыларды тақтаға шақырып, «От шашу» стратегиясы арқылы екі топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Графикалық диктант арқылы өткен материалды қайталау және тексеру.
III. Негізгі бөлім
- Ауызша жаттығу: семантикалық карта
- «Құпиялы шарлар»: интерактивті тақтадан дұрыс жауапты таңдау арқылы шарларды «қалықтату»
- Мақал-мәтел сайысы: жалғасын табу
- Сергіту сәті
- Оқулықпен жұмыс
- «Миға шабуыл»: тест тапсырмалары
IV–VI. Қорытынды кезең
- IV. Рефлексия
- V. Үй тапсырмасы
- VI. Бағалау