Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Тарих (9-сынып)
Сабақ тақырыбы: 1921 жылғы жұт пен аштық
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Әскери коммунизм саясатының нәтижелері мен 1921 жылы елді жайлаған жұттың салдарынан туған аштық туралы мәлімет беру, білім көкжиегін кеңейту.
- Дамытушылық: Ізденуге, салыстыра отырып сипаттауға, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Ұлтжанды, Отанын шексіз сүйетін, озық ойлы, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Әдістері
- Интерактивті, баяндау, сұрақ-жауап
- Көрнекілігі
- Карта, слайдтар
Сабақ жоспары
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақ
- Сабақты бекіту
- Бағалау
- Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеріп, түгелдеу.
- Оқушыларды өздері таңдаған геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
Құралған 3 топ
- 1) Ақтар
- 2) Қызылдар
- 3) Интервенттер
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үш топ өздері дайындап келген кластерлерін қорғап, төмендегі сұрақтарға жауап береді. Әр топқа келесі топ мүшелері қосымша сұрақтар қояды.
- Әскери коммунизм саясаты деген не?
- Жүзеге асырылған шаралар қандай болды?
- Азамат соғысының қорытындылары қандай?
- Соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың бағыты қандай болды?
- Бұл саясатты кімдер жүргізді?
- Қазревком мүшелері кімдер?
Жаңа сабақ
Жоспар
- 1921–1922 жылдардағы аштықтың себептері
- Аштық қамтыған аймақтар
- Аштықтың салдары
Себептер: әскери коммунизм және жұт
1919–1921 жылдардағы әскери коммунизм саясаты мен 1921 жылғы қуаңшылық елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын күрт әлсіретті.
Әскери коммунизм саясатының негізгі нәтижелері
- Еңбек өнімділігі төмендеді.
- Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіп орындары тоқтап қалды.
- Ауыл шаруашылығы күрт төмендеді.
- Орталықтан басқару күшейді.
- Бұқара кедейленді.
- 1921–1922 жылдардағы аштықтың тереңдеуіне алғышарт қалыптасты.
Деректер мен мысалдар
- 1921 жылдың жазында қуаңшылық салдарынан малдың шамамен 80%-ы қырылды.
- Астығы мол шыққан Семей мен Ақмола губернияларында ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ын азық-түлік отрядтары алып кетті.
- Нәтижесінде Қазақстанның астықты өңірлерінде де аштық күшейді.
1921 ж. қараша
1 508 000
ашыққан адам
1922 ж. наурыз
2 303 200
ашыққан адам
Аштық салдары
Демографиялық дағдарыс
Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауыл халқының саны едәуір азайды.
Көші-қон
Шамамен 700 000 адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Әлеуметтік күйзеліс
Кедейшілік күшейіп, ауру-сырқау жиіледі; өмір сүру деңгейі төмендеді.
Сабақты бекіту
Талқылау сұрақтары
- 1920–1921 жылдарындағы аштықтың негізгі себептері қандай?
- Аштық пен қайыршылықтан күйзелген халық үшін Кеңес өкіметі қандай шараларды қолға алды?
- Аштық жылдарында аурулардың көбеюінің себебі неде?
- Жұт пен мал санының күрт төмендеуі мал шаруашылығына қалай әсер етті?
Бекіту тапсырмалары
- Әскери коммунизм саясатының нәтижелері қандай болды?
- Аштық жайлаған Қазақстанның қай аймақтарын атай аласыз?
- 1921 жылы ашыққандар саны қанша болды? 1922 жылы бұл көрсеткіш қаншаға өсті?
- Аштықтың негізгі салдарын жүйелеп жазыңыз.
Тарихи терминдер
- Демография
- Грек тілінен: demos — халық, grapho — жазамын. Халық санының өсу деңгейін зерттейтін ғылым саласы.
- Азық-түлік салғырты
- Артық өнімнің мемлекет қарамағына алынуы.
Тарихи диктант
Бос орындарды толтырыңыз:
- “Әскери коммунизм” саясаты және жұт ________ жж. аштықтың басты себебі болды.
- Аштық жылдарында республикадан тыс жерлерге ________ адам көшіп кетті.
- Астығы мол шыққан Семей, Ақмола губернияларының 80% азық-түлігін __________________ алып кетті.
“Сандар сөйлейді”
1 508 000
1921 ж. (қараша) ашыққан адам
2 303 200
1922 ж. (наурыз) ашыққан адам
700 000
республикадан тыс көшіп кеткен адам
“Полиглот” (ағылшын тілінде)
- How many people died in 1922?
- When was the Civil War?
- How many people died as a result of the Civil War?
Ой толғаныс
Халықты аштыққа ұшыратқан Кеңес өкіметінің бұл саясатына сіз қандай баға берер едіңіз?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының нақтылығы мен дәлелділігі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- §12. 1921–1922 жж. аштық тақырыбын оқу.
- Кесте толтыру (берілген үлгі бойынша).
Мәлімет (автор туралы)
Мектеп
Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы
Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №42 ЖББ орта мектеп
Пән мұғалімі
Масимгазиева Мөлдір Ерсайынқызы
Материал: “1921 жылғы жұт пен аштық”