Өсімдіктердің суретін салу

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы

Сабақтың мақсаты

  • Өсімдіктер тіршілігі туралы білімді жүйелеу; табиғатты қорғауға қажетті білім мен білікті бекіту және тереңдету.
  • Өсімдіктердің тірі ағзалардың денсаулығын қорғаудағы рөлін ұғындыру.
  • Ой-өрісті, танымдық қабілеттерді дамыту, сөздік қорды молайту.
  • Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топқа бөлу Ой қозғау Миға шабуыл Диалог Әңгімелеу Қызығушылықты ояту

Күтілетін нәтиже

  • Топқа бөліну дағдысы қалыптасып, оқуға қызығушылығы артады.
  • Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптасады.
  • Топта бірлесе жұмыс істеу, ортақ шешім қабылдау дағдылары дамиды.

Бағалау

Оқу барысын бағалау: формативті бағалау.

Сабақ барысы

I. Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылар шеңберге тұрады. Суреттер арқылы топқа бөлінеді: ағаш, көкөніс, гүл, бидай.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап.
  2. 2 Өткен сабақта асқабақтың дәнін ыдысқа егу тапсырылған. Оқушылар тұқым еккен күнін бақылау дәптеріне жазып, тапсырманың орындалуын баяндайды.

III. Мақсат қою кезеңі

Сұрақтар

  • Табиғатты нелер құрайды?
  • Табиғат нешеге бөлінеді?
  • Тірі табиғатты ата.
  • Өлі табиғатты ата.

Үлгі жауаптар

Табиғат құрамына аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, ағаш, көл, аң-құс, жануарлар кіреді.

Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.

Тірі табиғат: өсімдік, жануарлар, адам.

Өлі табиғат: жер, ай, су, күн, ауа, күннің жылуы мен жарығы.

Қорытынды: өсімдік — табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер орманда да, далада да, тауда да, суда да өседі.

IV. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Өсімдіктердің адам өмірінде қандай маңызы бар? (Оқушылардың ойлары тыңдалады.)

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқыту.
  • Слайд арқылы мазмұнын түсіндіру.

V. Сергіту сәті

Қозғалысқа арналған қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VI. Жаңа материалды пысықтау

1-тапсырма (топтық жұмыс): Постер жасау және қорғау

I-топ: Ағаштың пайдасы

Геометриялық фигуралардан үй және үстел құрастырады.

II-топ: Гүлдер туралы

Түсті қағаздардан гүл жапсырады, атауларын жазады.

III-топ: Көкөністер мен жеміс-жидектердің маңызы

Өздері жақсы көретін өнімдер туралы айтады.

IV-топ: Бидай

Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелейді.

2-тапсырма (жұптық жұмыс): «Сәйкесін тап»

Суреттер арқылы өсімдік пен одан алынатын өнімді сәйкестендіреді.

Сәйкестендіру үлгілері

  • Ағаш → парта, үстел
  • Бидай → нан
  • Қызанақ → тағамға қосылады
  • Күріш → палау
  • Шие → тосап

Жетелеуші сұрақтар

Үйде аналарың күнделікті түрлі, дәмді тағамдар пісіреді. Сендер тамақ дайындауға көмектесесіңдер ме?

Күнделікті асқа қандай көкөністер қосылады?

Келесі тапсырма: «Үздік аспаз»

Тездік пен дәлдікке құрылған ойын-тапсырма.

3-тапсырма (топтық жұмыс): «Үздік аспаз»

Партаның үстінде түрлі суреттер жатады. Топ мүшелері тамақ пісіруге қажет көкөністерді ыдысқа мүмкіндігінше жылдам және дұрыс салады. Ең жылдам әрі қателеспей орындаған топтың мүшелері «Үздік аспаз» атанады.

Суреттер (аралас)

Картоп, қызанақ, асқабақ, қалам, сәбіз, пияз, дәптер, сарымсақ, қызылша, көйлек, орамжапырақ, тәтті бұрыш, велосипед.

Негізгі ой

Өсімдіктер бізге тағам, тұрмыстық бұйымдарға қажет шикізат және денсаулыққа пайдалы өнімдер береді.

VII. Қорытынды

Талқылау сұрағы

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

Талқылау сұрағы

Адам үшін өсімдіктердің маңызы қандай?

Талқылау сұрағы

Өсімдіксіз тіршілік бола ма?

VIII. Үй тапсырмасы

Өсімдіктердің суретін салу.

Барлық оқушыны сабаққа тарту

  • Топқа бөліну және топта бірлесе жұмыс жасау.
  • Постер жасап, оны қорғау.
  • Сұрақтарға жауап беру, пікір айту.