Тапсырма саны
«Сөзмерген» (Тіл сайысы)
«Сөзмерген» — оқушылардың тілдік мәдениетін шыңдап, ұлттық құндылықтарды терең сезінуге жетелейтін танымдық сайыс. Сайыс құрылымы оқушыны ойлануға, тез жауап беруге және көпшілік алдында көркем сөйлеуге баулиды.
Мақсаты
- Оқушыларды мемлекеттік тілді сүюге, тіл мәртебесін биік ұстауға, ұлттық салт-дәстүр мен тіл ерекшелігін сезініп, құрметтеуге үйрету.
- Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында көркем тілмен еркін сөйлеуге баулу.
- Шапшаңдыққа, ұтқыр жауап беруге, сенімділікке, батылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі
Сайыс, білімді тексеру.
Көрнекілігі
Слайдтар, интерактивті тақта.
Өту тәртібі
- Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
- Алғаш белгі берген ойыншы жауап береді.
- Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
- Жауап қате болса, екінші ойыншыға жауап беруге мүмкіндік беріледі.
I кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»
Берілген сөздерден тұрақты тіркес құрастырып, мағынасын түсіндіру. Тапсырма саны — 9.
1–3 тапсырма
-
1Қарға Қарлығаш Құр қаз жорғалау
-
2Сүт Су Айран көже жүрек
-
3Бет Жақ Көз бас қақпау
4–6 тапсырма
-
4Ауыз Бас Аяқ қол қату
-
5Жылқы Ат Тай бие таңба басу
-
6Аяқ Қол Бас кеуде ашық
7–9 тапсырма
-
7Шайтан Құйын Періште жын құлағына шалынсын
-
8Ағаш Қағаз Мата тас бауыр
-
9Жылы Салқын Суық ыстық шырай
II кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру. Тапсырма саны — 7. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
-
1Ел Жер Отан халық от
-
2Көп Аз Мол үлкен көл
-
3Қасқыр Қоян Түлкі аю қамыс
-
4Жақсы Керемет Күшті ғажап үйрен
-
5Апа Қарындас Ата аға жаға
-
6Боран Аяз Қар қырау құмырсқа
-
7Дос Жолдас Құрбы сырлас алмайды
III кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»
Бұл бөлімде көнерген сөздерге байланысты 3 тапсырма беріледі. Ойыншы көнерген сөздің қандай затқа қатысты екенін анықтауы керек.
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
Анықтама
Сірге — төлдерді суалту үшін ағаштан жасалып, басына кигізіп қоятын зат.
Марапаттау және қорытынды
Жеңімпаз ойыншы ортаға шақырылып, «сөзмергеннің қорына» қосқан көне сөзімен таныстырылады. Сайыс соңында қатысушылар марапатталып, қорытынды жасалады.
Ақын көзі жұмылмас — жырдың көзі жұмылмай.
Елдің туы жығылмас — тілдің туы жығылмай.
Еліміздің еңсесі биік, тіліміздің тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.