Суреттегі тірі табиғаттарды ата

Дүниетану • 3-сынып

Сабақ тақырыбы

Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: ылғал сүйгіш, су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өсіп-өну ортасы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: ойлау қабілетін, таным көкжиегін кеңейту; қызығушылықты ояту; топпен жұмыс дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру мәліметтері

Сабақтың түрі
Топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ типі
Жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, бейнелеу өнері

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Жұмбақтар Өсімдік рөлі (материалдар) Электрондық оқулық Беде Бақбақ Қоңырбас Жантақ Сексеуіл Сүттіген Жүзгін Ағаш суреттері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сынып тазалығына назар аудару.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.

I топ

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

II топ

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

II. Психологиялық дайындық

Оқушылармен дайындық жұмысы жүргізіледі.

Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!

III. Үй тапсырмасын тексеру

Суретпен жұмыс: 117-беттегі суретке ат қойып, әңгімелеу мәтінін жазып келу.

Қайталау сұрақтары

  1. Өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қандай жағдайлар қажет?
  2. Суреттегі тірі табиғат нысандарын ата.
  3. Суреттегі өлі табиғат нысандарын ата.
  4. Кез келген өсімдік қайда тіршілік етеді?

IV. Жаңа сабақ: ой қозғау

«Сиқырлы ағаш» ойыны

Жұмбақтарды шешу арқылы өсімдіктерді анықтау.

Топтық тапсырмалар

I топ

Бидай, Жүзім, Шабдалы

II топ

Күнбағыс, Жаңғақ, Таңқурай

Өсімдіктерді ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлу

Ағаштар

Қайың, терек, көктерек, жиде, үйеңкі, қарағаш, емен, алма, өрік, шие, шырша, қарағай.

Бұталар

Қарақат, таңқурай, итмұрын, жыңғыл, сексеуіл, жүзгін, жүзім.

Шөптекті өсімдіктер

Қоңырбас, жоңышқа, мия, беде, жусан, жантақ, бидай, бақбақ, көкөністер, сүттіген.

Бүгінгі жұмбақтардың түйіні: ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді ағаштар, бұталар және шөптекті өсімдіктер.

V. Мағынаны тану

Электрондық оқулық: «Өсімдіктер әлемі» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыс жүргізіледі.

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Бұл өсімдіктердің жапырақтары көбіне жалпақ болып келеді және ылғалды буландыруға жақсы бейімделген. Жапырақтарында саңылаулар (қақпақты саңылаулар) болады: су буланған кезде саңылаулар ашылып, өсімдік булануды белгілі бір деңгейде реттей алады.

Су өсімдіктері

Тоғандар мен көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктер су өсімдіктері деп аталады.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Құрғақ әрі ыстық жерлерде өсетін өсімдіктер ылғалды үнемдеп пайдалануға бейімделген. Мысалдар: жантақ, сүттіген, сексеуіл, жүзгін. Жантақ пен сүттіген көбіне топырағында ылғалы өте аз аймақтарда өседі.

VI. Суретпен жұмыс

Талқылау сұрағы

Берілген өсімдіктер қай тіршілік ету ортасына жатады?

Мысалдар

  • Ылғал сүйгіш: бақбақ, беде, қоңырбас.
  • Құрғақшылыққа төзімді: жантақ, сүттіген, сексеуіл.

Ылғал сүйгіш өсімдіктердің белгілері

  • Жапырақтары жалпақ.
  • Тамырлары көбіне онша ұзын емес, шашақты.
  • Сабағы иілгіш; ылғалды буландыруға бейім.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің белгілері

  • Жантақ: жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді.
  • Сүттіген: тамыры қысқалау; қалың жапырақтары суды аз буландырады.

VII. «Жарнама» ойыны

Әр топ өз өсімдіктерін «визитка» форматында таныстырып, олардың ерекшеліктерін қысқаша жарнамалайды.

1-топ

Бақбақ, Беде

  • Ылғалы жеткілікті жерде жақсы өседі.
  • Жапырағы жалпақ, сабағы иілгіш болады.

2-топ

Жантақ, Сексеуіл

  • Құрғақ әрі ыстық климатта тіршілік етуге бейім.
  • Ылғалды үнемдеп, суды аз буландырады.