Пысықтау сұрақтары

Қазақ тілі 7-сынып Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық. Қос сөздер

Бұл сабақта оқушылар денсаулық тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеп, сөйлеу және жазу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар қайталама қос сөздердің жасалу жолдарын меңгереді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Денсаулық тақырыбы бойынша жинақталған білімді толықтыру, пысықтау және жүйелеу.

Дамытушылық

  • Тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушылардың тілдік белсенділігін және жазу мәдениетін жетілдіру.
  • Ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын және тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тіл дамыту

Көрнекілігі

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа бейімдеу.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

Алдыңғы тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап арқылы білімді еске түсіру және бекіту.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

А) Кіріспе сөз

Денсаулық — адамның ең қымбат байлығы. Салауатты өмір салты дұрыс тамақтану, қозғалыс белсенділігі және зиянды әрекеттерден алшақ болумен қалыптасады.

Ә) Сөздікпен жұмыс

Асыл
драгоценный
Тіпті
даже
Көңіл бөлу
обращать внимание
Қор
запас
Салауатты өмір салты
здоровый образ жизни
Қалыптастыру
формировать
Айналысу
заниматься
Зиянды әрекет
вредные привычки
Шара
мероприятие

Б) Оқылым

«Денсаулық» тақырыбындағы мәтінмен танысу: оқып шығу, аудару және мазмұнын түсіну.

В) Жазылым (1-тапсырма)

Төмендегі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:

  • Сізге спорт ұнай ма?
  • Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
  • Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз?
  • Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?
  • Спортшылардың ішінде чемпион болғандар көп пе?

Қайталама қос сөздер: жасалу жолдары

Қайталама қос сөздер бірнеше тәсіл арқылы жасалады. Төмендегі үлгілерді ережемен бірге есте сақтаңыз.

  1. 1) Қосымшасыз және қосымшалы түбірдің қайталануы

    Мысалдар: көре-көре, үлкен-үлкен, үйдей-үйдей.

  2. 2) Бір түбірдің бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз қайталануы

    Мысалдар: ауызба-ауыз, сөзбе-сөз.

  3. 3) Бір түбірдің әртүрлі қосымшада тұрып қайталануы

    Мысалдар: өзді-өзіне, орынды-орынсыз.

  4. 4) Екінші сыңарға м, п дыбыстары қосылып жазылуы

    Мысалдар: ет-мет, шай-пай.

  5. 5) Еліктеуіш сөздің екінші сыңары өзгеріске ұшырап қайталануы

    Мысалдар: тарс-тұрс, жалт-жұлт, сатыр-сұтыр.

V. Сабақты қорыту

А) Пысықтау сұрақтары

  • Денсаулық деген не?
  • Денсаулық жақсы болуы үшін не істеу керек?
  • Әр адам нені қалыптастыруы керек?
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыруды қалай түсінесіз?
  • Денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіз?

Ә) Жазылым (3-тапсырма)

Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз:

Денсаулық жақсы болуы үшін адам …

Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние — …

Денсаулық қорын үнемі …

Адам салауатты өмір салтын …

Керекті сөздер мен сөз тіркестері

денсаулық, көбейтіп отыру керек, қалыптастыру керек, күш-жігерді, еңбекті, барлық дүниені аямай жұмсау керек.

VI. Үй тапсырмасы

182-бет, 2-тапсырма: мәтінді мазмұндау.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жазылым жұмысының сапасы бойынша бағалау.

Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын қарастыру.