Сабақтың мақсаты. Жаңа сабақ
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
- Мектеп
- №74 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі
- Пән / сынып
- Математика, 1-сынып
- Мұғалім
- Жанасбаева З. (бастауыш сынып мұғалімі)
- Сабақтың тақырыбы
- 4 санын қосу және азайту
- Түрі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сандар қатары
- 4 цифрының үлгісі
- Сөзжұмбақ
- Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
- Дүниетану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
Дамытушылық
Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын дамыту; ойын арқылы логикалық ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тамаша болсын бүгінгі күн!
- 1-слайд: «Күн жарқырап кетеді» (қол шапалақтау).
- Сұрақ: «Көңіл-күйіміз қандай болды?» Жауап: «Көңілді».
Оқушыларды топқа бөлу
I топ — «Алға»
Ұраны: Алға қарай самғайық, асулардан асайық.
II топ — «Самға»
Ұраны: Қыран құстай ұшайық, биік шыңға самғайық.
III топ — «Қалма»
Ұраны: Достарыңнан қалма, тек биікке самға.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№4 тапсырма: «Салыстыр» (110-бет).
2 + 4 ☐ 6 − 1
3 + 5 ☐ 10 − 2
4 − 1 ☐ 2 + 3
5 + 1 ☐ 9 − 3
8 − 0 ☐ 1 + 7
III. Өткен сабақты пысықтау
Кеспе қағазбен жұмыс.
3 + 3 = 6
5 + 3 = 8
7 + 3 = 10
7 − 4 = 3
4 + 3 = 7
6 + 3 = 9
8 − 5 = 3
9 − 5 = 3
IV. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын ашу: сөзжұмбақ
- 5 пен 4-тің қосындысы
- 2 мен 2-нің қосындысы
- Қосу мен азайту өзара қандай амалдар?
- 9 бен 3-тің айырмасы
Ерекше торкөзден шыққан сөз: «төрт».
Ой шақыру: 4 саны туралы
- 4 — жұп сан.
- 4 санының көршілері: 3 және 5.
- Бөлменің 4 бұрышы бар.
- Кітаптың 4 бұрышы бар.
- Дүниенің 4 тұсы бар.
- Бір жылда 4 мезгіл бар.
Оқулықпен жұмыс (№1): сурет бойынша есептеу
4 + 4 = 8
5 + 4 = 9
6 + 4 = 10
8 − 4 = 4
9 − 4 = 5
10 − 4 = 6
Кел, ойнайық! (А): Балықтарды аквариумға орналастыр
10 − 2 = 8
8 − 4 = 4
7 + 3 = 10
10 − 4 = 6
3 + 5 = 8
1 + 9 = 10
2 + 4 = 6
6 + 2 = 8
5 + 5 = 10
3 + 3 = 6
Кел, ойнайық! (Ә): Кім жылдам?
5 + 4 − 1 + 2 − 6 = 4
5 + 4 − 1 + 2 − 7 + 1 = 4
10 − 4 + 3 − 2 + 1 − 5 = 4
Оқулықпен жұмыс (№2)
4 + 4 = 8
8 − 4 = 4
5 + 4 = 9
9 − 4 = 5
6 + 4 = 10
10 − 4 = 6
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп аламыз.
№5: Есеп шығару
Өрік — 3 түп, шие — 4 түп. Барлығы неше түп ағаш?
Шешуі
3 + 4 = 7
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш.
Шығармашылық тапсырма
«Батпырауық қай баланікі?» — жоғарғы баланікі.
V. Сабақты бекіту: логикалық есептер
I топ
Көлден ұшты 7 қаз, қайтып қонды 3 қаз. Қонбағаны нешеу?
Жауабы: 4
II топ
10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды. Сонда қолыңда неше асық қалады?
Жауабы: 7
III топ
Пісіп тұрған 4 алмұрттың 2-еуін Мұратхан алып жеді. Бұтақта неше алмұрт қалды?
Жауабы: 2
VI. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақ
Санға 4 санын қосқанда қосындының мәні арта ма, әлде кеми ме?
Ой шақыру: мақал
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
№4 тапсырма, 112-бет.
Бағалау
- Топтардың ұпайларын есептеу.
- Оқушылардың жұмысын бағалау.
Ескерту: Толық нұсқасын жүктеу мүмкіндігі көрсетілген.