Топтастыру стратегиясы Жигсо стратегиясы Ортадағы қаламсап Өзіңді таныстыр Кейінгі тапсырмалар
Жыныссыз көбею жолдары (Биология, 10-сынып)
Бұл материал 10-сыныптағы «Жыныссыз көбею жолдары» тақырыбына арналған. Мақсат — жыныссыз көбею түрлерін жүйелі түсіндіру, вегетативті көбеюдің тәсілдерін талқылау және жыныссыз көбеюдің биологиялық әрі эволюциялық рөлін ажырату.
Сілтеме және ресурстар
- 10-сынып биология ресурстары
- Презентация, плакаттар, парақшалар
- Оқулық, электронды оқулық
- www.google.kz
Оқыту нәтижесі
Оқушылар жыныссыз көбею жолдарын біледі және нақты мысалдар арқылы түсіндіре алады.
Негізгі идея
Қолдан (жасанды) вегетативті көбею тәсілдерін меңгеру және оларды дұрыс қолдану.
Бағалау критерийлері
- 1 Жыныссыз көбею жолдарын біледі.
- 2 Вегетативті көбею тәсілдерін талқылайды.
- 3 Жыныссыз көбею ерекшеліктері туралы ақпаратты қолданады.
- 4 Жыныссыз көбеюдің биологиялық рөлін ажыратады.
Сабақ құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында оқушылармен амандасу, топқа бөлу және қысқа тренинг арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Стратегия: «Топтастыру»
«Көбею» ұғымына ассоциация құру және негізгі түсініктерді жинақтау.
- Ұрпақ жалғасы
- Өліден тірінің біреуі артық
- Дарақ санының артуы
- Жынысты
- Жыныссыз
- Тіршілік қасиеті
Қысқа әрекет
«Өзіңді таныстыр» тапсырмасы арқылы топ ішінде бір-бірімен жақынырақ танысу және ынтымақтастықты күшейту.
II. Мағынаны тану (жаңа сабақ)
Жыныссыз көбею туралы бастапқы түсінік қалыптастыру, мысалдарды талдау және тақырыпты өзара оқыту арқылы меңгеру.
Мұғалім әрекеті
- Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықпен жаңа тақырыпқа шолу жасайды.
- Жыныссыз көбеюдің нақты мысалдарын көрсетіп, түсіндіреді.
Стратегия: «Жигсо»
Оқушылар тақырыпты өз топтарында талқылайды, кейін басқа топтарға ауысып, меңгерген ақпаратын таныстырады.
1-топ
Нағыз жыныссыз көбею
2-топ
Вегетативті көбею тәсілдері
3-топ
Эволюциялық маңызы
III. Бекіту және тәжірибелік жұмыс
Тақырыпты құрылымдау, негізгі ұғымдарды нақтылау және топтық өнім жасау арқылы білімді бекіту.
Стратегия: «Ортадағы қаламсап»
Әр топқа нақты тапсырма беріледі. Оқушылар талқылау барысында жауапкершілікті бөлісіп, ортақ шешімге келеді.
I топ тапсырмасы
«Жыныссыз көбею» тақырыбы бойынша тірек-сызба құру және оны презентация түрінде ұсыну.
Кейінгі тапсырма
§33-ті оқу және мазмұнын түсіндіріп айту.