Жәутіков Орынбек Ахметбекұлының математикаға қосқан үлесі Өтілу формасы

Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі

Математика пәнінің оқытушылары: Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы, Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы

Математика – толып жатқан терең сыр...

Бұл жазба Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің математика ғылымына қосқан үлесін танытуға және студенттердің білімін, логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау дағдыларын шыңдауға арналған интеллектуалды олимпиаданың мазмұнын жүйелейді.

Өтілу формасы: интеллектуалды олимпиада Бағыт: математика, логика, тарих Қатысушылар: 4 команда

Олимпиаданы ашу және әділқазы құрамы

Олимпиадаға құрметті ұстаздар қауымы, әділқазылар алқасы және студенттер шақырылып, «Математика – толып жатқан терең сыр...» тақырыбындағы зияткерлік сайыс ашық деп жарияланды. Бұл сайыста командалардың білім деңгейі мен ой ұшқырлығын бағалайтын әділқазылар алқасы төмендегідей:

  • Суханбердина Ғазиза

    Математика және физика бөлімі меңгерушісі

  • Сауяева Нұргүл

    Техникалық білім бөлімі меңгерушісі

  • Ермекбайқызы Зарина

    Физика пәні оқытушысы

  • Арқабаев Нұрқанат

    Информатика пәні оқытушысы

Қатысушылар

Олимпиада Математика және физика бөлімінің «Жаратылыстану саласын жаңғырту — адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты айлығы аясында өтті. Білімдерін сарапқа салуға келесі топтар қатысты:

0111000 — Негізгі орта білім (информатика)

М-Л-12 тобы

0111000 — Негізгі орта білім (физика)

Ф-З-12 тобы

0111093 — Информатика пәнінен негізгі мектеп мұғалімі

И-И-12 тобы

1304000 — ЕЭТ және бағдарламалық қамсыздандыру

ЕЭТ-А-12 тобы

Бұл — жастар үшін тәжірибе алмасу алаңы. Қатысушылар кәсіби шығармашылық ізденістерін ұсынып, өз мүмкіндіктерін жаңа қырынан танытуға талпынды.

Олимпиаданың мақсаты

  • Қазақстанның талантты жастарын қолдау, үздіктерді анықтау және ақыл-ойға әсер ететін сайыс арқылы болашақ мамандардың шеберлігін шыңдау.
  • XXI ғасыр талабына сай бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
  • Студенттердің жан-жақты, шебер әрі сауатты болып қалыптасуына жағдай жасау.
  • Өзара тәжірибе алмасуға және кәсіби-шығармашылық ізденіске бағыт-бағдар беру.

Кезеңдер құрылымы

I. Блиц-турнир

Иә/жоқ форматындағы жылдам сұрақтар.

II. Таңдау-табыс

Бағыт пен деңгей таңдауға негізделген тапсырмалар.

III. Логикалық сұрақтар

Үлгі табу, код шешу, логикалық тұжырым.

IV. Бейнесұрақтар

Қысқа видео/презентация арқылы қойылатын сұрақтар.

V. Практикалық тапсырмалар

Есеп шығару, уақытпен жұмыс.

VI. Финал — капитандар сайысы

Терминдерді тізбектей жалғастыру ойыны.

I кезең: Блиц-турнир

Әр топқа 5 жылдам сұрақ қойылады. Жауап тек «иә» немесе «жоқ» түрінде беріледі. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

I топ сұрақтары

  1. Орынбек Жәутіков 1911 жылы дүниеге келді. (иә)
  2. 5-ті 0-ге бөлгенде бөлінді 1 болады. (жоқ)
  3. О. Жәутіков Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын 1976 жылы иеленді. (иә)
  4. Ғасыр — ең үлкен уақыт өлшем бірлігі. (иә)
  5. О. Жәутіков химия-биология ғылымының докторы. (жоқ)

II топ сұрақтары

  1. Орынбек Жәутіков Қарқаралы қаласындағы мектептің түлегі. (иә)
  2. 16 санының квадраты 256-ға тең. (иә)
  3. Вектор — бағытталмаған кесінді. (жоқ)
  4. О. Жәутіков 1974 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері атанды. (иә)
  5. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 360°-қа тең. (жоқ)

III топ сұрақтары

  1. 8 санының квадраты 56-ға тең. (жоқ)
  2. Биыл О. Жәутіков атындағы мектепке 40 жыл. (иә)
  3. О. Жәутіков 1962 жылы Қазақстан Ғылым академиясының академигі атанды. (иә)
  4. 1974 жылы О. Жәутіковке Ресейдің еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері атағы берілді. (жоқ)
  5. Квадрат — барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. (иә)

IV топ сұрақтары

  1. 1961 жылы О. Жәутіков физика-математика ғылымдарының докторы, профессор атағын иеленді. (иә)
  2. 2-ге қалдықпен бөлінетін санды жұп сан деп атаймыз. (жоқ)
  3. 0-ді 4-ке бөлгенде бөлінді 4 болады. (жоқ)
  4. О. Жәутіков атындағы мектеп директоры — Қайрош Бексейітұлы Мақышов. (иә)
  5. 15 санының квадраты 175-ке тең. (жоқ)

II кезең: Таңдау-табыс

Бұл кезеңде 3 бағыт бойынша 4 деңгейлік тапсырмалар ұсынылды. Әр тапсырма 10–40 ұпай аралығында бағаланады. Команда жауап бере алмаса, сұрақ қарсылас командаға өтеді.

Алгебра

  • 10 ұпай: Кері тригонометриялық функцияларды ата (arcsin, arccos, arctan, arccot).
  • 20 ұпай: Функция графигі — гипербола.
  • 30 ұпай: Виет теоремасы.
  • 40 ұпай: Функцияның анықталу облысын тап.

Геометрия

  • 10 ұпай: Пифагор теоремасы.
  • 20 ұпай: Ромб — барлық қабырғалары тең параллелограмм.
  • 30 ұпай: Трапеция ауданы: табандарының жарты қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісі.
  • 40 ұпай: Үшбұрыш ауданы үшін Герон формуласы.

Шығыс математиктері

  • 10 ұпай: Әлемге әйгілі ойшыл-ғалым — Әл‑Фараби.
  • 20 ұпай: Академик, ф.-м.ғ.д. — Асқар Жұмаділдаев.
  • 30 ұпай: Академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты — Орынбек Жәутіков.
  • 40 ұпай: Академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, м.ғ.д. — Мұхтарбай Өтелбаев.

III кезең: Логикалық тапсырмалар

Бұл кезеңде логикалық есептер ұсынылды. Әр дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі.

Қызыл түсті тапсырма

Көлденең және тік бағыттағы қосындылар берілген кесте бойынша әріптердің сандық мәнін табу.

Жауабы: С=3, О=2, Щ=1, У=8.

Сары түсті тапсырма

Қосындылар жүйесі арқылы әріптерге сандық мән тағайындау.

Жауабы: Т=7, Е=8, Ч=2, Ц=3.

Көк түсті тапсырма

Фигуралар сандармен белгіленген жағдайдағы заңдылықты анықтау.

Жауабы: 12.

Жасыл түсті тапсырма

Берілген шартқа сәйкес сұрақ белгісінің орнына келетін санды табу.

Жауабы: 1.

IV кезең: Бейнесұрақтар

Бұл кезеңде бейнематериал арқылы сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап үшін 30 ұпай беріледі. Жауап болмаса, сұрақ қарсылас командаға өтеді.

Бұлдырықова Балғын

М-Л-10 тобы

Ашу

Сұрақ: Академик О. Жәутіковтың ЖОО-ға арналған қазақ тіліндегі алғашқы оқулығы қалай аталады және қай жылы жарық көрді?

Жауап: «Математикалық анализ курсы», 1958 жыл.

Махамбетова Әсем

БМ-Л-09 тобы

Ашу

Сұрақ: О. Жәутіков қандай марапаттарға ие болған?

Жауап: Ғылыми‑педагогикалық кадрларды даярлаудағы еңбегі үшін Октябрь революциясы орденімен, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жанәбілова Үмітай

БМ-Л-09 тобы

Ашу

Сұрақ: Орынбек Жәутіков қандай жоғары оқу орындарын тәмамдаған?

Жауап: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін және Санкт‑Петербург мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әли Мейірімкүл

М-Л-10 тобы

Ашу

Сұрақ: Орынбек Жәутіковтің негізгі ғылыми еңбектері қандай салаларға арналған?

Жауап: Қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика мен физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, сондай-ақ математика тарихы мен оның методологиясына арналған.

V кезең: Практикалық тапсырмалар

Әр командаға бір есептен берілді. Есепті дұрыс шығарған команда 20 ұпай жинайды. Уақыт — 2 минут.

VI кезең: Финал — капитандар сайысы

Финалда команда капитандары ой ұшқырлығымен сынға түсті. «Рандроувен әдісі» арқылы «Математика» сөзі беріліп, соңғы әріпінен басталатын математикалық терминдер тізбегі жалғастырылды. Әр термин — 10 ұпай. Уақыт — 1 минут.

Мысал: Шеңбер → радиус → сектор → радиан → ...

Қорытынды

Олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды шығару және әр кезең бойынша бағаларды жариялау үшін сөз әділқазылар алқасына берілді. Зейін қойып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз.

«Үйрендік білмегенді осы жолы, тағы да үйренеміз аман болсақ!»