Функцияның экстремумдары
Сабақтың жоспары
Сабақ құрылымы сындық нүктелер мен функция экстремумдарын туынды көмегімен анықтауды жүйелі түрде меңгертуге бағытталған. Материал презентациямен сүйемелденеді.
Сабақтың тақырыбы
Сындық нүктелер. Функцияның экстремумдары (презентациямен).
Сабақтың типі мен түрі
Жаңа тақырыпты игеру сабағы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Туынды көмегімен функцияның өсу және кему аралықтарын, сондай-ақ экстремумдарын анықтауды меңгерту.
Дамытушылық
Есеп шығару дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Нәтижеге дәл әрі нақты жетуге, мақсат қоюға және жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдістер, байланыстар және ресурстар
Сабақтың өткізу әдістері
- Сұрақ-жауап.
- Деңгейлік тапсырмалар орындау.
- Жағдаяттар туғызу және шешімін бірлесе іздеу.
Пәнаралық және пәнішілік байланыс
Әдебиет, сызу, өзін-өзі тану пәндерімен байланыстыру арқылы ойлау мәдениетін және түсіндіру дағдысын күшейту.
Материалдық-техникалық жабдықталуы
- Мультимедиалық құрылғы.
- Үлестірмелі тапсырмалар.
Әдістемелік және оқу әдебиеті
- Алгебра және анализ бастамалары. 10-сынып. Алматы: Мектеп, 2010.
- Тесттер жинағы. Математика. Астана, 2011.
Сабақтың құрылымы (технологиялық карта)
Сабақтың ұраны
Білгендерден ғибрат ал!
1-кезең. Ұйымдастыру
Нақыл сөз: «Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал жақсы»Сабақ басталар алдында оқушылар бір-бірімен және қонақтармен жылы жүзбен амандасып, өзара игі тілектер айтады: «Сәттілік тілеймін!», «Табысың мол болсын!», «Жақсы бағаларың көп болсын!» және т.б.
Слайдтар
- 1-слайд: «Сындық нүктелер. Функцияның экстремумдары»
- 2-слайд: Сабақтың ұраны
- 3-слайд: Сабақ кезеңдері
2-кезең. Өткен сабақтың игерілуін тексеру
Нақыл сөз: «Білгендерден ғибрат ал, білгеніңді сөйлеп қал»4-слайд: Ауызша сұрақтар
- Өспелі және кемімелі функцияның анықтамасы.
- Функцияның өсуі мен кемуінің жеткілікті шарты.
- Қандай функцияны бірсарынды функция деп атаймыз?
- Функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау алгоритмі.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептердің орындалуы тексеріліп, қиындық тудырған қадамдар қысқаша талданады.
Келесі кезеңдер
Сабақ барысын жүйелеу-
3-кезең. Жеке деңгейлік тапсырмалар
Нақыл сөз: «Шапқан озар, жатқан қалар»
-
4-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Нақыл сөз: «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»
-
5-кезең. Жаңа тақырыпты меңгеру
Нақыл сөз: «Асу бермес асқар жоқ»
-
6-кезең. ҰБТ-ға дайындық
Нақыл сөз: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал»
-
7-кезең. Тест тапсырмалары
Нақыл сөз: «Талапты ерге нұр жауар»
-
8-кезең. Білімді бағалау
Нақыл сөз: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»
-
9-кезең. Рефлексия
Нақыл сөз: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»