Мыналар бұның сабағы және бұтағы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Бөлме гүлдері: кактус
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: бөлме гүлдерімен таныстыруды жалғастыру, кактус туралы түсінікті кеңейту.
- БМ (Білімдік міндет)
- Бөлме гүлі — кактуспен таныстыру.
- ДМ (Дамытушылық міндет)
- Есте сақтауын, қиялын және ойлау қабілетін дамыту.
- ТМ (Тәрбиелік міндет)
- Бөлме гүлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент
—
Сабақ барысы
1) Әрекетті туындату, түрткі болу
Жылулық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күннің шуағын салайық.
Таза ауадан салайық,
Мейірімділік шоғын салайық.
Жүрек жылуын салайық.
Жиналған жылу шуағын
Қонақтарға шашайық.
Балалардың әрекеті
- Тәрбиешімен бірге жылулық шеңберін жасайды.
2) Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Балалар, бәріміз топтағы гүлдермен амандасайық.
Сұрақ: Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?
Түсіндіру: Гүлдер бөлменің ауасын тазартады, кейбір аурулардың алдын алуға пайдалы, әрі үйді әсемдейді.
Сұрақ: Адамдар бөлме гүлдерін қалай күтіп-баптайды?
- Уақтылы суару.
- Жарыққа дұрыс орналастыру.
- Топырағын қопсыту, шаңын сүрту.
- Өсімдікке ұқыпты қарау.
Бүгін бізге қонаққа Асем атты қуыршақ келді. Ол үйінде бөлме гүлін күтіп жүріп, саусағына кактустың тікенін кіргізіп алыпты. Сондықтан кактусқа жақындағанда абай болу керек.
Тапсырма: Үстел үстіндегі кактустың сабағын, бұтағын, жапырағын көрсетейік.
Сабақ
Негізгі бөлігі, бөшкеге ұқсас.
Бұтақ
Сабақтан тарайтын бөлімдері.
Жапырақ
Кактуста ине түріне айналған.
Мағлұмат: Кактус ыстық шөлді аймақтарда өседі. Ол кішкентай бөшкеге ұқсайды. Кактустың жапырақтары инеге айналған. Кактустар гүлдейді, гүлі өте әдемі болады.
Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
Балалардың жауабы: Кірпіге ұқсайды.
Асем қуыршақ сендерге қонаққа келгеніне өте қуанышты. Сендердің қастарыңда отырып, қолына кірген тікенді де ұмытып кетіпті. Енді ол үйіне қайтады — бәріміз «сау бол» деп қоштасайық.
Балалардың әрекеті
- Гүлдермен амандасады, олардың әдемілігін тамашалайды.
- Асем қуыршақпен қоштасады.
- Кактустың бөліктерін көрсетеді.
- Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті
Менде үлкен үй,
Ал көжекте кішкентай.
Қонжық кетті үйіне,
Көжек болып секіре.
Қимыл-қозғалыс
- Қолдарын көтереді.
- Отырады, қолдарын түсіреді.
- Орындарында жүріп қозғалады.
- Секіреді.
3) Рефлексия және түзету жұмыстары
Күтілетін нәтиже: Біледі
Кактус — бөлме гүлі екенін біледі.
Күтілетін нәтиже: Түсінеді
Кактустың жапырақтары инеге айналатынын түсінеді.
Күтілетін нәтиже: Орындай алады
Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсете алады.