Достық тобы ІІІ топ

Сабақ туралы мәлімет

Өңір
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Мектеп
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Ханов Шохан Уалиханович
Сынып
5-сынып
Тақырып
Мақал-мәтелдер

Мақсаты

  1. 1 Мақал-мәтел туралы білім беру.
  2. 2 Оқушылардың сөздік қорын молайту.
  3. 3 Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Мақал-мәтел туралы білім алады.
  • Мақал мен мәтелдің айырмашылығын ажырата біледі.
  • Сөздердің сипатына қарай мақал-мәтелдерді өмірде орынды қолданады.

Сабақ кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сергіту сәтін ұйымдастыру.
  • «Шаттық шеңбері» тренингін өткізу.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Топтарға бөлу

Топқа бөлу үшін кеспе қағаздар сандықшаға салынады. Оқушылар сандықтан қағаз алып, өз топтарына жайғасады.

I топ

Кітап тобы

II топ

Достық тобы

III топ

Отан тобы

II. Үй тапсырмасын сұрау

117-жаттығу: мәтінді көшіріп жазу және тұрақты тіркестердің астын сызу.

Қосымша тапсырма: III топқа 10 тұрақты тіркес беріледі. Топ мүшелері тіркесті бір бөлек, мағынасын бір бөлек жинақтап сәйкестендіреді.

Тұрақты тіркестер: топтық жұмыс

Әр топқа берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтап, сөйлеу барысында қолдану жолдарын талқылау ұсынылады.

I топ — Кітап тобы

  • Ине шаншар жер жоқ

    Толық, тығыз.

  • Инемен құдық қазғандай

    Қиын, ауыр.

  • Инені жіпке тізу

    Бәле қуу.

  • Иненің жасуындай

    Азғантай.

  • Иненің көзінен өткендей

    Пысық.

II топ — Достық тобы

  • Аузын буған өгіздей

    Үндемейтін адам.

  • Аузына құм құйылды

    Жағы қарысты, сөйлей алмады.

  • Аузынан бір елі тастамайды

    Үнемі айтады.

  • Аузынан салбырап түскендей

    Айнымай ұқсаған.

  • Ауызының салымы бар

    Несібелі кісі.

III топ — Отан тобы

  • Құлағы тесік

    Әр нәрседен хабардар адам.

  • Құлағын бұрау

    Үгіттеу.

  • Құлағын түру

    Назар салу.

  • Құлағына кірмеу

    Ұқпау.

  • Құлаққағыс ету

    Айтар ойдың ұшын шығару.