Динаның күйі Той бастар жатқа ойнау

Сабақтың барысы

Бұл сабақ домбыра мен күйсандықтың үндесу ерекшелігін тәжірибеде көрсетуге бағытталған. Негізгі назар — ансамбльдегі дыбыс сапасы, штрих, перне басу дәлдігі және шығарманың мінезін ашу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Гаммалар

  • V dur гаммасын түрлі штрихтармен орындау.
  • g moll гаммасын 3 түрлі тәсілмен орындау.

Күй

Динаның «Той бастар» күйін жатқа орындау.

III. Актуалдау

Өткен сабақта Динаның «Той бастар» күйін үйрендік. Домбырада тек күй ғана емес, заманауи әндер де, сондай-ақ күйсандық сүйемелдеуімен орындалатын көркем шығармалар да орындалады. Бұл бағыт орындаушының музыкалық көкжиегін кеңейтіп, ансамбльдік есту қабілетін дамытады.

IV. Жаңа сабақ: шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі

Домбыра тарту өнерінің маңызды салаларының бірі — фортепиано сүйемелдеуімен әлем халықтарының ән-билерін, кәсіби композиторлардың шығармаларын орындау. Мұндай жұмыс домбырашының өзге елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой-өрісінің жан-жақты дамуына және түрлі аспаптардың орындаушылық ерекшеліктерін түсінуіне ықпал етеді.

Домбыраның қоңыр үні мен фортепианоның тембрлік мүмкіндігі үйлескенде, шығарма нақышы айқынырақ ашылады, музыкалық бояу кеңейеді.

Бүгін үйренетін шығарма

Е. Брусиловскийдің «Той-думан» пьесасы.

Композитор туралы

Брусиловский Евгений Григорьевич (1905–1981) Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Музыкалық сауатын алғаш ашқан — анасы. Е. Брусиловский қазақ музыкасының дамуына үлкен үлес қосып, көптеген жас композиторларды тәрбиелеген көрнекті ұстаз.

Ол — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігін терең түсінген композитор.

Негізгі еңбектері

  • «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар-ай» опералары.
  • 9 симфония, 2 балет.
  • 500-ден аса әндер мен романстар.
  • Фортепианоға арналған көптеген пьесалар.

1951 жылы жазылған «15 фортепианолық пьеса» жинағы жасөспірімдерге арналған пьесалардың көрнекті үлгісі саналады. Әр пьесаның бағдарламалық тақырыбы бар: «Колхоздағы той», «Ферғана тақиясы», «Көңілді Латипа», «Той-думан» және т.б.

«Той-думан» пьесасының мазмұны мен өңделуі

«Той-думан» шығармасында халық өмірінен алынған көріністер, ұлттық бояуы қанық образдар байқалады. Бұл шығарманы домбыраға лайықтап өңдеген — Хаджи-Мұрат Қыдырбаев.

Орындаушылық ерекшеліктер

Фортепианомен қосылып орындауға байланысты дыбыс шығару (штрих), перне басу және өзге әдіс-тәсілдер Еуропаның классикалық аспаптық тәжірибесінен алынған қағидаларға сүйенеді, бірақ домбыра табиғатына бейімделіп қолданылады.

Музыкалық сипаты

  • Тональдігі: D-dur
  • Өлшемі: 2/4
  • Мінезі: көңілді, орташа екпінде
  • Штрих: тремоло кездеседі

Тыңдау/орындау

Шығарма орындалады (домбыра + күйсандық).

V. Дамыту

  • Шығарманы нота бойынша талдау.
  • Такт бойынша жұмыс жасау.

VI. Бекіту: INSERT әдісі

Білемін

Өзіме таныс ақпарат

Білдім

Жаңа меңгергенім

Білгім келеді

Қосымша сұрағым/қызығушылығым

VII. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта Е. Брусиловскийдің «Той-думан» шығармасымен таныстық. Шығарманы өзіне тән мінезін көрсете отырып, көңілді әрі көтеріңкі орындау қажет. Әуен мен бояулардың үндестігін, өзара байланысы мен ұқсастығын байқап, музыканың өзіндік тілін түсініп, эстетикалық тұрғыда қабылдай білу маңызды.

IX. Үй тапсырмасы

«Той-думан» шығармасын нота бойынша берілген жеріне дейін жеткізіп, орындап келу.

X. Бағалау

Жақсы Өте жақсы