Оңтүстік Американың пайдалы қазбаларының орналасуы
Мақсаты
- Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын оятып, білімін арттыру.
- Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі мен көрнекілігі
Әдісі
Сайыс
Көрнекілігі
Электрондық слайдтар
Сайыс барысы
1) Ұйымдастыру сәті
Психологиялық дайындық жүргізіледі. Сынып оқушылары Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка болып екі топқа бөлінеді. Тақырыпқа сай 6 турдан тұратын тапсырмалар беріледі.
Америка дүние бөлігіне саяхат
Презентация арқылы таныстырылым жасалады.
Сайыс турлары
- 1 «Анықтама бюросы»
- 2 «Ғажайып бестік»
- 3 «Зерделілік бөлім»
- 4 «Сен — маған, мен — саған»
- 5 «Кім білгір?»
- 6 «Кім жүйрік?»
Сайысқа қатысушылар
Оңтүстік Америка
Топ тапсырмаларды өз бағыты бойынша орындайды.
Солтүстік Америка
Топ тапсырмаларды өз бағыты бойынша орындайды.
1-тур: «Анықтама бюросы»
Бұл турда екі топқа да тақырыпты нақтылау, негізгі деректерді жүйелеу бағытындағы тапсырмалар ұсынылады.
2-тур: «Ғажайып бестік»
Солтүстік Америка тобына
- «Географ» — пайдалы қазбалары.
- «Климатолог» — климатына сипаттама.
- «Гидролог» — Миссисипи өзеніне сипаттама.
- «Биолог» — табиғатына сипаттама.
- «Этнограф» — материк мемлекеттері.
Оңтүстік Америка тобына
Тапсырмалар мазмұны дәл осы 5 рөл бойынша орындалады: географ, климатолог, гидролог, биолог, этнограф.
3-тур: «Зерделілік бөлім»
Солтүстік Америка тобына сұрақтар
- Солтүстік Американың жер көлемі қандай?
- Солтүстік Американы зерттеген ғалымдарды атаңыз.
- Солтүстік Американың жер бедеріне сипаттама беріңіз.
- Солтүстік Американың пайдалы қазбалары қалай орналасқан?
- Солтүстік Америкада қандай табиғат зоналары кездеседі?
- Солтүстік Америка өзендері қандай алаптарға жатады?
- Солтүстік Американы неше климаттық белдеу кесіп өтеді?
Оңтүстік Америка тобына сұрақтар
- Оңтүстік Американың жер көлемі қандай?
- Оңтүстік Американың географиялық орнына сипаттама беріңіз.
- Оңтүстік Американы зерттеген ғалымдарды атаңыз.
- Оңтүстік Американың жер бедеріне сипаттама беріңіз.
- Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары қалай орналасқан?
- Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары кездеседі?
- Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға жатады?
- Оңтүстік Американы неше климаттық белдеу кесіп өтеді?
4-тур: «Сен — маған, мен — саған»
Екі топ бір-біріне қысқа сұрақтар қойып, жауаптарын нақты әрі дәлелді түрде қорғайды.
5-тур: «Кім білгір?»
Солтүстік Америка тобына
Сәйкестендіру тапсырмасы: нысан — түрі
- Гудзонтау
- Мак-Кинлижазық
- Сьерра-Невадашығанақ
- Орталықшың
- Аппалачхалық
- Прерийжота
Оңтүстік Америка тобына
Сәйкестендіру тапсырмасы: нысан — түрі
- Амазонкасаванна
- Андөзен
- Аконкагуакөл
- Титикакатау
- Гилеяшың
- Кампосорман
6-тур: «Кім жүйрік?»
Берілген ұғымдарды жылдам ажыратып, тиісті аймақпен немесе табиғат нысанымен байланыстырып айтыңыз: