Ертегіні мұғалімнің оқуы

№ 197 қазақ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Роза Файзуллақызы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

«Балықшы мен балық» (ертегі)

Сабақтың мақсаттары

Білімділігі

Ертегі мазмұнымен таныстыру, ертегі туралы түсінік беру. Оқушының алған білімін өмірде қолдануына мүмкіндік жасау; оқу, жазу және сурет салу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Дамытушылығы

Ертегіні оқыту арқылы сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Жүгіртіп оқуды жетілдіру және ойды еркін жеткізу қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі

Азға қанағат етуге, ашкөз болмауға, адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Көрнекілік, түсіндіру
  • Топтық жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлау элементтері
  • Топтастыру
  • Сөздік әдіс
  • Венн диаграммасы
  • Сынау (викторина) әдісі

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ ауа райы болжамын қысқаша талқылаудан басталады: «Әрбір арайлап атқан күніңізге сәттілік тілеймін!».

Топқа бөлу

  • I топ: Актерлер
  • II топ: Жазушылар
  • III топ: Суретшілер

Әр оқушыға өзін-өзі бағалау парағы таратылады. Бағалау бөлімдері: үй жұмысы, өткенді пысықтау, жаңа сабақ, топтық жұмыс, бекіту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Берілген тапсырмалар

  • «Оқуға шақыру» өлеңін жаттап келу
  • А. Байтұрсынов туралы мәлімет іздеу

Пысықтау форматы

«Бәрін білгім келеді» ойыны арқылы сұрақ-жауап жүргізіледі (сынау әдісі).

III. Үй тапсырмасын бекіту (ойын)

10 ұпай

Сұрақ: Қай тарауды өтіп отырмыз?

Жауап: «Асыл сөз».

20 ұпай

Сұрақ: Жаңылтпаш дегеніміз не?

Жауап: Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең.

30 ұпай

Сұрақ: «Білім деген байлық бар, еш байлық оған жетпейді» деген үзінді кімнің өлеңінен?

Жауап: Ө. Тұрманжанов.

40 ұпай

Сұрақ: «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, жуынып, киініңдер шапшаңырақ» деген үзінді кімнің өлеңінен?

Жауап: А. Байтұрсынов.

50 ұпай

Сұрақ: «Оқуға шақыру» өлеңі не туралы?

Жауап: Еңбек ету туралы.

60 ұпай

Сұрақ: «Оқу мен еңбек — егіз» халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

Жауап: Мақал.

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Ойын: «Тұлғаны таны»

Бірнеше автордың портреті көрсетіледі. Оқушылар олардың кім екенін және қандай шығармалары барын анықтайды.

Топтастыру: Ахмет Байтұрсынов

  • Жылдары: 1872–1937
  • Өңірі: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
  • Қызметі: ақын, ағартушы, ғалым
  • Еңбегі: аудармашы, оқулық авторы, әдебиет зерттеуші

V. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Ребус шешу арқылы бүгінгі тақырып анықталады. Нәтижесінде А. Байтұрсыновтың «Балықшы мен балық» ертегісін оқимыз.

Негізгі ұғым

Ертегі — халықтың қиялынан, арманынан туатын шығарма.

Салыстыру: Венн диаграммасы

Оқушылар балық пен балықшыны салыстырып, ортақ және ерекше белгілерін табады.

Балық

Тіршілік иесі; желбезек арқылы тыныс алады.

Балықшы

Еңбек иесі; шешім қабылдайды, ақыл айтады.

Оқулықпен жұмыс

  • Ертегіні мұғалім оқып береді.
  • Оқушылар тізбектей оқиды.
  • Дәптермен жұмыс орындалады.

Сөздік жұмысы

Пұл
ақша (сом, теңге)

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Сұрақтармен жұмыс: «Балық аулау» ойыны

1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Жауап: «Балықшы мен балық».

2. Шығарманың жанры қандай?

Жауап: Ертегі.

3. Ертегі дегеніміз не?

Жауап: Халықтың қиялынан пайда болған шығарма.

4. Ертегі не туралы?

Жауап: Қанағатшылдық туралы.

5. Балықшы балықтың айтқанымен келісті ме?

Жауап: Жоқ.

6. Балықшы балыққа не деді?

Жауап: Көп пайдадан дәметіп, аздан айырылу дұрыс емес екенін айтты.

7. «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» дегенді қалай түсінесің?

Жауап: Қанағатшыл болу керек.

8. Қайсысы ақылды?

Жауап: Балықшы.

9. Ертегінің авторы кім?

Жауап: Ахмет Байтұрсынов.

10. Өмірде тойымсыз адамдар бар ма?

Жауап: Бар.

Тапсырмалар (топтық жұмыс)

I топ

Актерлер

Ертегіні рөлге бөліп оқиды (сахналау элементтерімен).

II топ

Жазушылар

«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» тақырыбында қысқа эссе жазады.

III топ

Суретшілер

Мәтін мазмұны бойынша сурет салады.

Қорытынды

Не үйрендік?

  • Ертегінің мазмұнын меңгердік.
  • Балық түрлері туралы әңгімелестік.
  • Балық пен балықшыны салыстырдық.
  • Балықтың желбезек арқылы тыныс алатынын білдік.

Нәтиже

  • Ахмет Байтұрсынов туралы білімімізді толықтырдық.
  • Портрет арқылы тұлғаны таныдық.
  • Сурет салдық, эссе жаздық, сахналадық.

Ертегідегі негізгі ой оқушылардың санасына бекітіледі: қанағатшылдық — адамды адастырмайтын қасиет, ал тойымсыздық — бардан айыруы мүмкін.