Есептеу дағдыларын жетілдіру, теңдеудің белгісіз компоненттерін табу тәсілдерін және теңдеудің шешімдерін таңдау тәсілімен оның натурал шешімін табу дағдысын дамыту
Сабақтар тізімі
Төмендегі тақырыптар оқушылардың сынып деңгейіне сай білімін бекітуге, есеп шығару дағдыларын дамытуға және негізгі ұғымдарды жүйелеуге бағытталған.
-
1
Қайталауға арналған жаттығулар (І тарау бойынша)
5-сынып
-
2
9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
5-сынып
-
3
«Теңдеу» тақырыбы бойынша есептер шығару
5-сынып
-
4
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
9-сынып
-
5
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру
9-сынып
-
6
Квадрат түбірдің қасиеттері
9-сынып
-
7
VII сынып алгебра курсынан мәліметтер және қайталауға арналған жаттығулар
9-сынып
-
8
Рационал алгебралық теңдеулерді шешу әдістері
10-сынып
-
9
Логарифмдік теңдеулерді шешу
11-сынып
Математика, 5-сынып
Сабақ жоспары: Бақылау жұмысы №1 — І тарауды қорытындылау және білімді жинақтау.
Сабақтың тақырыбы
Бақылау жұмысы №1 (І тарауды қорытындылау, білімді жинақтау)
Білімділік мақсаты
Алған білімді жүйелеп қолдану: өрнектерді ықшамдау және теңдеулерді шешу барысында тиімді тәсілдерді пайдалана білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Дамытушылық мақсаты
Есептеу дағдыларын жетілдіру; теңдеудің белгісіз компоненттерін табу тәсілдерін меңгерту; шешімдерді іріктеу әдісі арқылы теңдеудің натурал шешімін табу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды өз ойын толық әрі дұрыс жеткізуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, достық пен жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Білімді жинақтау және бағалау сабағы.
Көрнекіліктер мен әдіс
- Көрнекілік:
- интерактивті тақта, бақылау парақтары.
- Әдіс:
- практикалық.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
-
3
Бақылау жұмысының шарттарымен таныстыру
Бақылау жұмысы: теориялық бөлім
Екі нұсқа
І-нұсқа
Теория-
Санды өрнек дегеніміз не?
Анықтамасын жазыңыз.
-
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
Қасиеттерді жазыңыз және мысал келтіріңіз.
-
Белгісіз көбейткішті табу
Ережесін жазыңыз.
-
Белгісіз азайтқышты табу
Ережесін жазыңыз.
ІІ-нұсқа
Теория-
Әріпті өрнек дегеніміз не?
Анықтамасын жазыңыз.
-
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
Қасиеттерді жазыңыз және мысал келтіріңіз.
-
Белгісіз бөлгішті табу
Ережесін жазыңыз.
-
Белгісіз азайғышты табу
Ережесін жазыңыз.
Ескерту
Жауаптарды анық әрі қысқа жазыңыз. Қасиеттерді тұжырымдағанда міндетті түрде бір мысал келтіріңіз.