Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады, егер

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулерге есептер шығару.

Сабақтың мақсаты

«Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімді қорытындылап, оны шығармашылық тұрғыда жүйелеуге жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері

  • «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша білім мен білікті бекіту және бақылау.
  • Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру: проблемаларды анықтау, оларды шешу жолдарын табу, мақсатқа жете білу.
  • Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жеке, жұппен және топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру; тақырыптық диалог құра білуге, бірін-бірі, өзін-өзі және топты бағалай білуге үйрету.

Пысықтау сұрақтары (Білу)

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, негізгі ұғымдарды нақтылаңыздар.

I топ

Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

II топ

Егер ax² + bx + c = 0 теңдеуінде b немесе c нөлге тең болса, онда ол қандай теңдеулер болады?

III топ

Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?

Сөйлемдерді толықтыру

Берілген жауаптарды қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  • ax² + bx + c = 0 теңдеуі квадрат теңдеу деп аталады, егер ...
  • Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады, егер ...
  • ax² + bx + c = 0 теңдеуінің екі түбірі болады, егер ...
  • Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады, егер ...
  • ax² + bx + c = 0 теңдеуінің бір-біріне тең екі түбірі болады, егер ...
  • ax² + bx + c = 0 теңдеуінің түбірі болмайды, егер ...

Негізгі тірек-идея

Сөйлемдерді толықтыру кезінде дискриминанттың мәніне (D) және коэффициенттердің ерекшелігіне (a, b, c) сүйеніңіздер.