Реттік санаумен танысу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №19
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
ҚМТҚ
Тақырыбы
Реттік санаумен танысу. Қағаз бетінде бағдарлау: жоғарғы оң жақ бұрыш, төменгі оң жақ бұрыш, жоғарғы сол жақ бұрыш, төменгі сол жақ бұрыш, ортасы.
Мақсаты
- 5 саны көлемінде реттік санауды меңгерту.
- Сандық және реттік санауды ажырату (есептік және реттік санау).
- «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету.
- Қағаз бетінде бағдарлауға үйрету.
- Заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге дағдыландыру.
- 5 затты ұзындығына қарай сәйкестендіру; ұзындығының өсуі және кемуі бойынша ретімен орналастыру.
Үлестірмелі материал
- Әр балаға ұзындығы 20 см-ден 12 см-ге дейін біртіндеп қысқаратын 5 жолақша.
- Тақырып мазмұнын ашатын суреттер.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға арналған дайындық жұмыстары.
Қостілділік компонент
- жолақша
- полоски
- ұзындық
- длина
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балабақшам — базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Оқу қызметі басталды, іске сәт!»
Негізгі ұғымдар
Есептік санау сұрағы: «Қанша?»
Реттік санау сұрағы: «Нешінші?»
Реттік санау: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы...
№1 сурет бойынша жұмыс: реттік санау
- Суреттен нені көріп тұрғандарын айтады.
- Заттарды ретімен санайды және «нешінші?» сұрағына жауап береді.
- Мысал сұрақтар: «Кеме нешінші тұр?», «Үйшік нешінші?» және т.б.
- Топтағы балаларды мысалға алып, қатардағы реттік орнын анықтайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
№2 сурет: тақырып пен мақсатты нақтылау
- Суреттен нені көріп тұрғандарын айтады.
- Қандай аңдар бейнеленгенін атайды.
- Қай ертегі екенін еске түсіреді.
Тәрбиеші балалардың назарын қағаз бетіндегі орналасуға аударады және бүгінгі тақырыпты бекітеді: оң жақ / сол жақ, жоғары / төмен, орта.
Кеңістікте бағдарлау: сұрақтар үлгісі
Бұрыштар мен орта
- Жоғарғы оң жақ бұрышында не тұр?
- Төменгі оң жақ бұрышында не орналасқан?
- Жоғарғы сол жақ бұрышында нені көреміз?
- Төменгі сол жақ бұрышында не тұр?
- Ал ортасында не орналасқан?
№3 сурет бойынша
- Неше зат бар? Олар қалай орналасқан?
- Жоғарыда сол жақта не тұр? Төменде сол жақта ше?
- Төменде оң жақта не тұр? Жоғарыда оң жақта ше?
Қорытынды: бүгінгі оқу қызметінде реттік санау және қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын меңгереміз.
Сергіту сәті
Бас бармағым — атам,
Балаң үйрек — әжем,
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек — анам,
Кішкене бөбек — мен.
Міне, менің бүкіл отбасым.
Суреттермен жұмыс
Дидактикалық ойын: «Кеңістікті бағдарла»
Мақсаты: суреттегі заттардың орналасқан орнын айту және төмен, жоғары, биік, аласа, оң жақ, сол жақ сөздерін дұрыс қолдану.
Дамытушылық бағыты
- Есте сақтау қабілетін арттыру.
- Реттік санауды бекіту және қолдана білу.