Көркем жазу минуты
Сабақтың тақырыбы
Сын есім
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету және бекіту.
Дамытушылығы
Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру және дамыту.
Тәрбиелігі
Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, тілге құрметпен қарауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдер
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Кестелер
- Сызбалар
Әдісі
- СТО стратегиялары
- Топпен жұмыс
- Шығармашылық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
Математика, дүниетану, әдебиет.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Өлең жолдары
Өнер алды — қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл — асыл қазына,
Байлығың — білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің.
1) Топтастыру стратегиясы
Слайд арқылы «топтастыру» стратегиясын қолданып, мағынаны тану және негізгі ұғымдарды жүйелеу.
2) Көркем жазу минуты
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.
Мақал:
Өнерлі бала — елдің көркі, үкілі қамыс — жердің көркі.
II. Жаттығулар мен ойындар
Тапсырмалар сын есімді ажырату, қолдану және туынды сын есімдердің жасалуын қайталау мақсатында ұйымдастырылады.
3) 1-жаттығу
Мақал-мәтелКөп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.
4) «Менің бағытым» ойыны
СәйкестендіруБерілген тіркестердегі сөздерді мағынасына қарай дұрыс жұптастыр.
- 1.тәтті — ------ жар
- 2.тік — -------- адам
- 3.тегіс — ------ қант
- 4.суық — ------ қоян
- 5.сұр — -------- су
- 6.ақылды — --- жер
5) 2-жаттығу
Туынды сын есімӨлеңді оқып, туынды сын есімдерді тап. Туынды сын есімдердің қалай жасалатынын еске түсір.
«Шопан атаға»
Ай мүйізі шоқпардай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең, бойлы бер,
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы артық, ойлы бер!...
6) «Сиқырлы фигуралар» ойыны
Әріптерден сөз құрауӘр фигураның артында әріптер берілген. Осы әріптерден сөздер құрастыр.
7) 3-жаттығу
Сөз тіркесіТөмендегі зат есімдерге сол зат есімнің бірінші дыбысынан басталатын сын есімді тауып, тіркестіріп жаз.
8) Сергіту сәті
ҚозғалысҚысқа сергіту жаттығуларын орындау.
9) «Кім жылдам?» ойыны
Топтық жұмысБерілген сын есімдерді жылдың төрт мезгіліне қатыстырып, тиісті бағанға орналастыр.
Сын есімдер:
Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.
Қыс
Көктем
Жаз
Күз
Қорытынды
10) Семантикалық карта
ЖіктеуБерілген сөздерді тиісті сөз табына орналастыр: зат есім, сын есім, сан есім, етістік.
| Сөз | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
|---|---|---|---|---|
| ақылды | — | — | — | — |
| табиғат | — | — | — | — |
| жинады | — | — | — | — |
| мың | — | — | — | — |
Ескерту: Кестедегі бос ұяшықтарды оқушылар толтырады.
Бағалау
Оқушының белсенділігіне, тапсырмаларды орындау сапасына және сауатты жазуына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
Сын есім тақырыбы бойынша бекіту тапсырмасы (мұғалімнің нұсқауына сай).