Ақпаратты енгізу құрылғысы

Ұйымдастыру бөлімі

Сайыстың тақырыбы

“Көңілділер мен тапқыштар”

Негізгі қадамдар

  1. Оқушыларды командаларға бөлу.
  2. Командалардың аттарын тағайындау.
  3. Команданы таныстыру: атауы, эмблемасы, әнұраны, газеті.
  4. Сайыстың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.

Командалар

  • 7 “А” — “Принтер”
  • 7 “Б” — “Жүйелік блок”
  • 7 “В” — “Дискета”

Сайыстың мақсаты

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу және компьютерлік сауаттылық дағдыларын қалыптастыру.

Бағыт

Білімді жүйелеу

Бағыт

Ойлау және таным

Бағыт

Шығармашылық

Бағыт

Практикалық дағды

Бағыт

Компьютерлік сауаттылық

Сайыс жоспары

I бөлім — Таныстыру

Әр топ өз командасының атауын таныстырып, эмблемасын, әнұранын және қабырға газетін қорғайды.

II бөлім — “Кім жүйрік?”

Теориялық сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беру кезеңі.

III бөлім — “Қылқалам сыры”

Paint бағдарламасында тез әрі дұрыс сурет салу.

IV бөлім — “Түсін мені”

Суретке қарап жауап беру және батырмалар қызметін түсіндіру.

V бөлім — Жұмбақтар

Информатика және компьютер құрылғыларына қатысты жұмбақтарды шешу.

II бөлім — “Кім жүйрік?” сұрақтары

Әр командаға теориялық сұрақтар беріледі. Жауаптың дәлдігі мен жылдамдығы ескеріледі.

“Принтер” тобы

  1. Тышқанның негізгі батырмасы. (Сол жақ)
  2. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)
  3. Сурет салуға арналған редактор. (Paint)
  4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Меңзер/курсор)
  5. Дискетаны оқу құрылғысы. (Дискіжетек / дисковод)
  6. Есептеуіш техникасында ең көп қолданылатын код. (ASCII)
  7. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым. (Информатика)
  8. ЭЕМ-нің үшінші буыны қай жылдарды қамтиды? (1964–1976)
  9. Компьютер мен адам арасындағы байланысты не қамтамасыз етеді? (Операциялық жүйе)

“Жүйелік блок” тобы

  1. “Ақпарат” сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
  2. Графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы. (Сканер)
  3. ЭЕМ-нің екінші буыны қай жылдарды қамтиды? (1955–1963)
  4. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі. (Caps Lock)
  5. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD-ROM)
  6. Принтердің түрлері. (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
  7. Ақпараттың өлшем бірлігі. (Бит, байт)
  8. Меңзерді келесі жолға түсіру пернесі. (Enter)
  9. Мәтіндік редактор. (WordPad)

“Дискета” тобы

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы. (Принтер)
  2. Дыбыс шығаратын құрылғы. (Колонка)
  3. Курсордың оң жағындағы символды өшіру пернесі. (Delete)
  4. Компьютер мен көздің арақашықтығы қанша см болуы тиіс? (60–70 см)
  5. ЭЕМ-нің бірінші буыны қай жылдарды қамтиды? (1940–1955)
  6. Компьютер іске қосылғаннан кейін объектілер орналасқан экран қалай аталады? (Жұмыс үстелі)
  7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)
  8. Интернетке қосылу үшін қажетті құрылғы. (Модем)
  9. Ақпаратты енгізу құрылғысы. (Пернетақта, тышқан)

III бөлім — “Қылқалам сыры”

Тапсырма

Paint бағдарламасында Тіктөртбұрыш, Эллипс және Құю (Заливка) құралдарын пайдаланып, компьютердің суретін жылдам әрі дұрыс салыңдар.

Бағалау өлшемдері

  • Уақыт
  • Дәлдік
  • Құралдарды дұрыс қолдану

IV бөлім — “Түсін мені”

Қатысушылар суретке қарап жауап береді: WordPad және Paint бағдарламаларындағы батырмалардың қызметін түсіндіреді, сондай-ақ терезелерге ортақ басқару батырмаларын ажыратады.

Сұрақ үлгілері

  • WordPad-та берілген батырманың қызметі қандай?
  • Paint-та берілген батырманың қызметі қандай?
  • Барлық терезелерде болатын басқару батырмалары қандай қызмет атқарады?
  • WordPad терезесін тану және оның бөліктерін атау.
  • Терезелердің белгілі бір түрде орналасуын қалай атайды?

Әр топқа жеке сұрақ

  • “Принтер” тобы Мәтін немесе суретті сақтау жолы қандай?
  • “Жүйелік блок” тобы Жаңа қапшық (папка) қалай құрылады?
  • “Дискета” тобы Дискетаны қалай пішімдейді (форматтайды)?

V бөлім — Жұмбақтарды шешу

Соңғы кезеңде қатысушылар информатикаға қатысты жұмбақтардың жауабын табады.

Жұмбақтар

  1. Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер/курсор)
  2. Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (Монитор)
  3. Кемірушіге ұқсайды, құйрығы ұзын, түсі сұр. Бұл қандай зат? (Тышқан)
  4. Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)

Жұмбақтар (жалғасы)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені. (Кактус)
  2. Ақпараттарды қағазға шығарады. Бұл құрылғы қалай аталады? (Принтер)
  3. Биологияда — паразит, көзге зорға көрінер. Информатикада — өлшем бірлік, ақпараттарды ол өлшер. (Бит)
  4. Ақпаратты қағаздан компьютерге енгізеді. Бұл қандай құрылғы? (Сканер)

Қорытынды және марапаттау

Бағалау

Әділқазылар алқасы әр кезең бойынша ұпайларды есептеп, қорытынды бағаны жариялайды.

Күту сәті

Қорытынды дайын болғанша компьютерде күй ойнатылады.

Жеңімпазға сыйлық

Жеңімпаз командаға компьютер кабинетінде ойнауға жолдама және “Мақтау қағазы” табысталады.