Шоқан қырдың баласы
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Байқоңыр қаласы, №275 орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Рашаева Қалдыгүл Жайкожаевна
Сабақтың тақырыбы
С. Бегалин — «Қырдың жас түлегі»
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Мәтін мазмұнымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу.
Міндеттері
- Оқушыларға С. Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан Уәлиханов бейнесімен таныстыру, қосымша түсінік алуға мүмкіндік жасау.
- Өзіндік ізденісті, шығармашылық қабілетті дамыту, сөздік қорды молайту.
- Туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, ұлы тұлғаның өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.
Әдістер
Баяндау, әңгімелеу, талдау, түсіндірмелі-көрнекілік, дамыта оқыту технологиясы элементтері.
Көрнекілік және құралдар
Суреттер, карта, интербелсенді тақта және техникалық құрал-жабдықтар.
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін қарады баршаға.
Күн сәулесінен шуақ алып, жадырап отырайық!
Топқа бөлу
Оқушыларға «күн шуағы» үлестіріледі, топ атаулары белгіленеді:
- 1-топ: Шуақ
- 2-топ: Сәуле
- 3-топ: Нұр
- 4-топ: Шұғыла
Кіріспе сөз
«Әдебиет — тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай», — деген екен ұлыларымыз. Ендеше, рухани биікке жетелейтін қасиетті әдебиеттік оқу сабағын бастаймыз.
Әдебиеттік оқу арқылы нені үйренеміз?
- Дұрыс оқуды және сауатты жазуды;
- Оқу арқылы ішкі рухани дүниемізді байытуды;
- Мәтін мазмұнын айтуды, өлеңді мәнерлеп оқуды;
- Мақал-мәтелдің мағынасын ашуды.
Үй тапсырмасы
- Ұлықман Әбілдаұлының «Әке нұсқаған жолменен» мәтінін оқу, мазмұнын айту.
- Абай туралы деректер жинау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырмалар 4 топ бойынша сұралады:
- 1-топ: «Әке нұсқаған жолменен» мәтінін мазмұндау.
- 2-топ: Абайдың шығармашылығы туралы әңгімелеу.
- 3-топ: Абай Құнанбаев туралы деректер айту.
- 4-топ: Табиғат туралы жазылған өлеңдерін жатқа айту.
III. Өткен сабақты қорытындылау
Әр топ алдарындағы хаттағы сұрақтарға жауап береді:
- Әкесі Абайдан нені үміт етті?
- Абайға әкесі қандай тапсырмалар орындатты?
- Абай туралы Кәкітай не деп жазды?
- Абайдың қандай әндері бар?
Қорытынды сұрақ: «Осы мәтіннен қандай ой түйдік?»
IV. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
- Ребус шешу.
- «Ұлы тұлғаларды танимыз ба?» — сәйкестендіру тапсырмасы.
- «Тұлғаны тану» — бүгінгі сабақ кейіпкерін анықтау.
Сабақтың өзегі
Бүгінгі сабақ «Қырдың жас түлегі» деп аталады. Мәтін Шоқан Уәлиханов туралы, авторы — Сапарғали Бегалин.
Автордың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметті оқушылар бөлісе отырып баяндайды. Ш. Уәлиханов туралы қосымша дерек беріледі және фильмнен үзінді көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс
1) Іштей оқу
Мәтінді іштей оқып шығу.
2) Белгілеу
Жер-су атауларын және түсініксіз сөздерді белгілеу.
Картамен жұмыс жүргізіледі.
3) Сұрақтар арқылы шолу
- Ертіс бойына балалар қай кезде келеді?
- Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады?
- Шоқанның бойын қандай сезім биледі?
- Оның жанына кім келді?
- Шоқан мен дәрігер не туралы әңгімелесті?
Сөздік жұмысы
- Қырдың жас түлегі
- Қазақ жерінде туып-өскен зерек бала.
- Қамау көше
- Тұйық көше.
- Кадет корпусы
- Патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны.
Көрнекілікпен жұмыс
- Суретпен жұмыс.
- Мәтінді рөлге бөліп оқу.
Дәптермен жұмыс
Алтыншы мамыр. С. Бегалин. «Қырдың жас түлегі».
Тақырып: «Туған жер — алтын бесік».
Сергіту сәті
Күндей болып күлейік,
Гүлдей болып өсейік,
Құстай болып ұшайық,
Көбелектей қонайық.
Топтық жұмыстар
1-топ
Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
2-топ
Шоқан Уәлихановқа мінездеме беру.
3-топ
Бес жолды өлең (синквейн) құрастыру.
4-топ
Венн диаграммасын жасау.
V. Қорытындылау
«Келісемін / келіспеймін» тапсырмасы
Оқушылар тұжырымдарға қатысты өз жауаптарын белгілеп, кейін өзара тексеріп, бағалайды.
- Шоқан Уәлиханов — зерттеуші, саяхатшы, ғалым.
- Кадет корпусының оқушылары Сырдария бойына келді.
- Шоқан Омбы қаласында білім алды.
- Корпус дәрігері — Евгений Матвеевич.
- Шоқан — қырдың баласы.
Ассоциация
Сабақ тақырыбы бойынша ассоциациялар құрастыру.
«Жалғастыр»
Оқушылар кез келген сөйлемді өз ойларымен жалғастырады:
- I-топ: Бүгінгі сабақта ... білдім.
- II-топ: Бүгінгі сабақта ... білдік.
- III-топ: Сабақтан соң ... келеді.
- IV-топ: Мен өзімді ... мақтар едім.
VI. Үйге тапсырма
- «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, түсінгенін айту.
- Ш. Уәлиханов туралы дерек жинау.
VII. Бағалау
Әр оқушы жинаған «күн шуағын» көрсетеді. Жиналған белгілер санына қарай бағаланады.