Алау тобына
Тақырыбы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты педагогтар арасындағы спорттық-интеллектуалдық жарыс
Мақсаты
- Ұжымды бірлікке, жұмыла білуге және ұйымшылдыққа баулу.
- Қимыл-қозғалыс арқылы денені шынықтырып, білімді шыңдау.
- Ұлттық ойындарға қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру.
- Ептілікке, жылдамдыққа, шымырлыққа, сымбаттылыққа тәрбиелеу.
- Қимыл-қозғалысты дамыта отырып, ойлау қабілетін жетілдіру.
Жүргізушінің сөзі
Құрметті ұстаздар қауымы, бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты педагогтар арасындағы спорттық-интеллектуалдық жарысқа қош келдіңіздер!
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сау болса.
«Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Қатысушы командалар
Команда
«Жұлдыз»
Әр таңды бақытпен атыра отырып, өнерді ой көгінде танытар команда.
Команда
«Алау»
Салауатты өмір салтын берік ұстанып, жаттығудан қашпайтын, топ намысын қорғайтын команда.
Әділқазылар алқасы
«Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір…»
-
Меңгеруші
Конаева Гүлбану Конаевна
-
Әдіскер
Гилажева Айгүл Мауфиховна
-
Медбике
Айтқалиева Айдана Бақтығалиқызы
Бағалау жүйесі
5 балдық шкала
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
Өнер қуып ұстаздар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Сайыс бағдарламасы (7 кезең)
-
1-кезең: Таныстыру
КомандалықӘр топ өз атауын, ұранын және ерекшелігін таныстырады.
-
2-кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Қозғалыс + дәлдікДопты екі аяқтың ортасына қыстырып, кедергілерден секіріп межеге жету. Кейін үстел үстіндегі шеңберде орналасқан дөңгелектерге сәйкес асықтарды дәл орналастыру.
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе, жан салыпты.
Бүгінгі педагогтар сайысында,
Барлығы да аянбай күш салыпты. -
3-кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
Жылдамдық + ойЖерде жатқан 5 шеңбердің астынан өтіп, секіртпемен бір рет секіріп, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
«Жұлдыз» тобына
- Алтын алма, білім ал.
- Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
- Білегіңе емес, біліміңе сен.
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
- Жер — ана, ел — бала.
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
«Алау» тобына
- Жарлының байлығы — денінің саулығы.
- Ақымақ шаппамен бауыздар, ақылды мақтамен бауыздар.
- Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі.
- Ана алдында — құрмет, әке алдында — қызмет.
- Жер — ел ырысы.
- Тазалық — саулық негізі.
Массажды жаттығу
Денсаулық — шыныққан барлық дене мүшесі.
Денсаулық — тыныққан жүйке-тамыр жүйесі. -
4-кезең: «Біліміңді шыңда»
ЛогикаОрындықтардың үстімен сырғанап, жүресінен отырып-жылжып, қаппен секіріп, сұрақтарға жауап береді. Кейін дәл сол тәртіппен кері қайтады.
«Жұлдыз» тобына сұрақтар
-
1) Екі әке, екі бала және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу.
-
2) Айдынның бойы Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат.
-
3) Менің атым — Медет. Тәтемнің бір ғана інісі бар. Тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет.
-
4) Аязда термометр –3° көрсетіп тұр. Екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: –3°.
-
5) Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Бірінші нені жағасыз?
Жауабы: шырпы.
-
6) Бір жанұяда бес ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала?
Жауабы: 6 бала.
«Алау» тобына сұрақтар
-
1) Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
Жауабы: үш стақан.
-
2) Допты лақтырғанда, өз ізімен кері қайтуы үшін қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары.
-
3) Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Бірінші нені жағасыз?
Жауабы: шырпы.
-
4) Суды қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: мұз етіп қатырса.
-
5) Оңнан да, солдан да оқысаң бірдей шығатын сан?
Жауабы: 40.
-
6) Сенің анаңның анасының ұлы саған кім?
Жауабы: нағашы.
Қазағымның ойыны қандай тартыс —
Ежелден келе жатқан бұл бір жарыс.
Белді буып, аянба, ұмтыл, қатыс,
Көтеріп ең биікке туын намыс. -
-
5-кезең: «Ата-баба мұрасы — елге үлгі»
Ұлттық құндылықҰлттық ойындар мен дәстүрге байланысты тапсырмалар арқылы мұраның мәнін ашу, командалық қолдауды күшейту.
-
6-кезең: Капитандар сайысы
Жеке жауапкершілікКоманда капитандары шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін арнайы тапсырмалар орындайды.
-
7-кезең: Үй тапсырмасы
ШығармашылықӘр команда алдын ала дайындаған тапсырмасын ұсынады.