Бәйтеректің биіктігі қанша

Математикалық ринг

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын сайыс-сабақ

Мақсаты (білімдік)

I–II тоқсан бойынша математикадан оқушылардың білім деңгейін салыстыру, өткен тақырыптарды қайталау және бекіту.

Мақсаты (тәрбиелік)

Сайыс арқылы сыныптар арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу, белсенділікті арттыру және пәнге қызығушылықты күшейту.

Мақсаты (дамытушылық)

Есептің ұтымды жолын табуға үйрету, практика мен теория байланысын көрсету, жылдам есептеу дағдысын дамыту, пәнаралық байланыс арқылы аралас есептер шығарту.

Көрнекілігі

  • Слайдтағы тапсырмалар
  • Электронды оқулық
  • Интерактивті тақта
  • Компьютер

Ұйымдастыру

Түрі: сыныптан тыс шара, сайыс.

Құрамы: әр топта 6 оқушыдан, 2 құрама топ.

Кіріспе сөз (мұғалім)

Уа, жарандар, жарандар! Мына бізге қараңдар.
Мінеки, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз, кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы — математика жайында сайыс-сабағымызды бастаймыз, жас достарым.
Мұны жақсы ұғайық: математика — құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнін, табиғаттың қозғалысын есептерсіз түсіну мүмкін емес.
Есептің ішінде — дүниенің кілті бар.

Әділқазылар алқасы

Сайыс басталар алдында әзіл-қазылар алқасы сайланады.

  1. 1Кулушева Ақмарал Закарияқызы
  2. 2Сарбалиев Серік Бөкенбайұлы
  3. 3Қарабалиева Қоңырша Қажғалиқызы

Сайыс кезеңдері

I ринг — Сергіту

Уақыты: 5 минут

Математикалық тапсырмалар беріледі. Бірінші болып дұрыс жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

II ринг — Капитандар сайысы

Уақыты: 2 минут

2 минут ішінде көп сұраққа жауап берген капитан жеңіске жетеді. Келесі кезеңде капитандар сандық жұмбақтарды шешеді. Қате кеткен жағдайда топ мүшелері көмектесе алады, бірақ онда 2 ұпайдың орнына 1 ұпай есептеледі.

III ринг — Білгірлер сайысы

Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге байланысты мақал-мәтелдер немесе қанатты сөздер айтады.

IV ринг — Шығармашылық

Дәстүрлі емес тапсырмалар орындалады. Мысалы, әр топтан байқағыш, шешен, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығып, плакатта жасырылған сандарды ретімен табады және бақылаушыларға көрсетеді.

Жанкүйерлерге сұрақтар (сергіту сәті)

Топтар есеп шығарып жатқанда көрермендерге арналған қысқа сұрақтар.

1. Алманың жартысы неге ұқсайды?

Екінші жартысына.

2. 205 таяқтың неше ұшы бар?

410 ұшы бар.

3. 60-ты 0,6-ға бөлсең қанша шығады?

100.

4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше есе өседі?

11 есе.

5. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?

Параллель түзулер.

6. 8 санының квадраты неше?

64.

7. 3³ неше?

27.

8. Күн жылына неше рет шығады?

365 рет.

9. Көпбұрыш қабырғалары ұзындықтарының қосындысы қалай аталады?

Периметр.

10. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қалай аталады?

Перпендикуляр түзулер.

Капитандарға: «Жылдам сұрақ — тез жауап»

Сұрақтар топтамасы

  • Планиметриядағы ең негізгі ұғым: нүкте.
  • Грек тілінде «жер»: гео.
  • Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын кесінді: радиус.
  • Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш: квадрат.
  • Көпбұрыш қабырғалары ұзындықтарының қосындысы: периметр.
  • Барлық бұрыштары тік ромб: квадрат.
  • Дөңгелектегі ең үлкен өлшем: диаметр.
  • Бір жағынан шектелген түзудің бөлігі: сәуле.

Сандық жұмбақтар

Алпыс ала қарғаға, қырық қарға таласты жемге жатқан ақ қарда…
Барлығын қоссаң, қанша болады?

Жауабы: 100

Үйге жұмсап жарқынды, алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң, санап көр: бидай алдық неше қап?

Жауабы: 6 қап

Білгірлер сайысы: есептер

Әр топ кезекпен шығармашылық-есептік тапсырмаларды орындайды.

I топ

  • 438 · 39 = ?
  • 842751 : 27 = ?
  • x : 792 = 46865 : 721
  • c : 524 = 3570 : 70

II топ

  • 81072 : 9 = ?
  • 1768 · 34 = ?

Шығармашылық тапсырма: геометриялық бақылау

Сызба I

Сызбада неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 16 үшбұрыш

Сызба II

Сызбада неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 13 үшбұрыш

Қорытынды бөлім

Қысқаша сұрақтар

1) Әлемдегі ең жас қала?

Астана.

2) Астананың символы?

Бәйтерек.

Бағалау

Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды ұпай есептеліп, жеңімпаздар анықталады.

Үй тапсырмасы

№5 тапсырма, 47-бет.