Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты

  1. Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту; сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдануға үйрету.
  2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
  3. Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Л.А. Төкеева–Бектұрғанова әдістемесі: жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

Көрнекілігі

Сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы (ұйымдастыру кезеңі)

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Қазір бізде қазақ тілі сабағы.

Тақтадағы әріптер:

З Т С М Н Ң С П Т Л У А Е І І Е Е І Е

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі.

Жоспар-кесте және бағалау

Әр оқушы «Білім пердесі» атты бағалау парақшасы арқылы өз жұмысын қадағалап, өзін-өзі бағалайды.

Оқушының аты-жөні Екеуара жұмыс Сауаттылық хаты Зерттеу жұмысы Өзін-өзі бақылау, бағалау Шығармашылық жұмыс Қорытынды баға
... ... ... ... ... ... ...

Оқушылар бағалау парақшасына аты-жөнін жазады.

Кіріспе: «Жетіген» туралы ертегі

Тақтаға Жетіген аспабының суреті ілінеді. Сабақ мазмұны төмендегі ертегі арқылы мәнерлі түрде ашылады.

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті.

Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойып, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып: «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?» — деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде: «Нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — дейді.

Жатыс ұлы да аштықтан өлгенде, ағашқа бесінші ішек тағылып: «Неде, кімде екен себебі?» — деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болып, алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?» — деп егіледі.

Көмектес ұлы да сол ашаршылықтан қайтыс болғанда: «Кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» — деп жоқтау айтып егіледі. Сөйтіп, 7 ішек, 7 тиек тағылып, Жетіген аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Негізгі бөлім: тапсырмалар жүйесі

Сабақ төмендегі кезеңдер бойынша жүргізіледі. Әр кезеңнен кейін оқушылар «Білім пердесіне» өз бағасын қояды.

1) Екеуара жұмыс

Оқушыларға септік атаулары таратылады: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Әр жұп берілген септік бойынша 5 сөзден жазып шығады.

Мысалдар:

  • кітаптың
  • үйдің
  • баланың
  • таудың
  • мектептің
  • қаланың
  • айдың
  • күннің
  • гүлдің
  • үстелдің

Жұптар жазған сөздерін оқиды. Қалған оқушылар тыңдап, өзіндік бағасын қояды.

2) «Сауаттылық хаты»

І қатар: «Қыс» тақырыбына мәтін құрастырады.
ІІ қатар: «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастырады.

Шарт: мәтінде септік жалғаулары міндетті түрде қолданылуы керек.

3) Зерттеу жұмысы

Әр балаға сөз беріледі. Оқушылар берілген сөздерді септеп жазады, 2 оқушы тақтада орындайды.

Сөздер тізімі:

Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.

Үлгі (қарлығаш):

А.с
қарлығаш
І.с
қарлығаштың
Б.с
қарлығашқа
Т.с
қарлығашты
Ж.с
қарлығашта
Ш.с
қарлығаштан
К.с
қарлығашпен

4) Өзін-өзі бақылау және бағалау (тест)

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Жауаптар тексерілген соң, бағалау парағына белгі қойылады.

1. «Әке» сөзі қай септікте тұр?

  • A) А.с.
  • B) І.с.
  • C) Б.с.
  • D) Ж.с.

2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле.

  • A) оқушы
  • B) оқушыға
  • C) оқушының
  • D) оқушыға

3. Барыс септігінің сұрағын белгіле.

  • A) кімге? неге? қайда?
  • B) кімдерге? кімді? нені?
  • C) кімге? кімді? нені?
  • D) кіммен? немен?

4. Табыс септігінің жалғауын белгіле.

  • A) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -гі
  • B) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
  • C) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді
  • D) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле.

  • A) көктемде
  • B) далаға
  • C) мектеппен
  • D) мектептен

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.

  • A) сабаққа
  • B) сабақты
  • C) сабақтан
  • D) сабақпен

7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата.

  • A) кімде? неде?
  • B) кімге? неге?
  • C) кімнен? неден?
  • D) кіммен? немен?

5) Шығармашылық жұмыс

Оқушылар «Зат есімнің септелуі» тақырыбы бойынша кластер құрастырады: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Тапсырма: сөздерді дұрыс септікке орналастыр.

Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.

Қорытынды

Нәтиже

Септік жалғауларын меңгерген оқушының тілдік дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды және сөйлеу кезінде жалғауларды дұрыс қолданады.

Дағды

Сөздік қорды молайтып, байланыстырып сөйлеуге жүйелі түрде дағдылану қажет.

Тіл мәдениеті

Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз — қазақ тілі.

Бағалау

«Білім пердесіндегі» ұпайлар жинақталып, қорытынды баға шығарылады.