Менің отбасым және достарым Менің достарым
Қысқа мерзімді жоспарлау (1-сынып, «Сауат ашу»)
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағат. 2-тоқсан көлемі — 48 сағат.
Сабақ тақырыбы
«Менің отбасым және достарым» бөлімі: Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Оқу мақсаттары
-
1.1.9.1
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
-
1.1.9.2
Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
Сабақ мақсаттары (барлығы)
Жаңа білімді меңгереді.
Сабақ мақсаттары (көбі)
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Сабақ мақсаттары (кейбірі)
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ және тілдік құзыреттілік
Аудиожазба, таныстырылым. Тірек ұғым: Д дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минутЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезіне білу — қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы
8 минут№1 Тыңдалым
Достары көп Мараттың,
Ойнайды олар аулада.
Ағасымен Болаттың
Барады олар тауға да.
Талқылауға сұрақтар
- Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?
- Жауабын бірге талқылайық.
Сергіту сәті
1 минутТарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақыт.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.
Қызықты тапсырма
8 минутТапсырмалар арқылы Д дыбысы кездесетін сөздерді тауып, дұрыс дыбыстауға және дыбыстың мағына ажыратудағы рөлін түсіндіруге бағыттау.
Сабақтың аяқталуы
16 минут№2 Оқылым
Сөздер
Дала, аула, Дана, Дулат
Сөз тіркестері
Далада, аулада, Данада, Дулатта
Бағдарлау сұрақтары
- Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.
- Сенің досың бар ма?