Тәуке ханның Жеті жарғысы

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы
Н. С. Манаев атындағы орта мектеп

Пән және сынып

Қазақстан тарихы, 10-сынып

Мұғалім

Тарих пәні мұғалімі — Таупихова Клара

Сабақ тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Білімділік мақсат

  • Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі және сыртқы жағдайын түсіндіру.
  • Тәуке ханның ел үшін атқарған еңбегін, құқықтық жүйені қалыптастыруға қосқан үлесін талдау.
  • «Жеті жарғы» заңдар жинағымен таныстыру.

Дамытушылық мақсат

  • Оқушылардың тарихи оқиғаларға қатысты жеке көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру.
  • Тірек-сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы тарихи танымды кеңейту.
  • Өткен оқиғаларды қазіргі құбылыстармен салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсат

  • Оқушыларды өз елінің тарихын құрметтеуге және білуге тәрбиелеу.
  • Тәуке хан сияқты көреген мемлекет қайраткерінің тарихи еңбегін бағалауға баулу.
  • Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныпты топқа бөлу және сабаққа дайындау.

Төле би тобы

Қазыбек би тобы

Әйтеке би тобы

II. Өткен сабақты пысықтау

Мұғалім мен оқушы диалогы және топтық тапсырмалар арқылы өткен материалды қайталау.

I топ тапсырмасы
  1. 1.Тәуекел ханнан кейін ел билеген кім? — Есім хан
  2. 2.Есім хан қай жылдары билік құрды? — 1598–1628 жж.
  3. 3.Есім хан тұсында өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкентті астана еткен билеуші? — Тұрсын хан
  4. 4.Бірінші қазақ–бұхар шайқасы қашан және қай жерде болды? — 1603 ж., Айғыржар
II топ тапсырмасы
  1. 1.Есім хан қазақ тарихында қалай аталған? — «Еңсегей бойлы ер Есім»
  2. 2.Есім хан тұсында астана болған қала? — Түркістан
  3. 3.Есім хан 1613 жылы қай қалаға басып кірді? — Самарқанд
  4. 4.Тұрсын сұлтан өзін қай жылы хан деп жариялады? — 1613 ж.
III топ тапсырмасы
  1. 1.1627 жылы қазақ–қалмақ соғысында қазақ қолын кім басқарды? — Есім хан
  2. 2.Тұрсын ханның тірегі болған ру? — Қатаған
  3. 3.Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды? — «Қатаған қырғыны»
  4. 4.Есім хан тұсындағы әдет-ғұрып заңы қалай аталады? — «Есім ханның ескі жолы»

Танымдық жұмыстар (топтастыру)

I топ: Есім ханға мінездеме беру.

II топ: «Қатаған қырғыны» ұғымын түсіндіру.

III топ: «Есім ханның ескі жолы» заңына сипаттама жасау.

III. Өткен сабақты қорытындылау (ой-түйіндеме)

Есім хан — 1598–1628 жылдары билік құрған, Шығай ханның ұлы.

Қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі. Бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуереннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген.

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім жасап, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.

Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет ретінде нығайтуды көздеді және «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заң жүйесін қалыптастырды.

IV. Жаңа сабақ: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақ жоспары

  1. 1 Тәукенің хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының жағдайы.
  2. 2 Тәукенің хан тағына отыруы. Тәуке ханға сипаттама.
  3. 3 Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
  4. 4 Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
  5. 5 Ұлы билердің рөлі.

Негізгі идея

Бұл сабақта Тәуке хан дәуіріндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы ахуалы, мемлекеттік басқаруды күшейтуге бағытталған қадамдары және «Жеті жарғы» арқылы құқықтық нормаларды біріздендірудегі тарихи маңызы қарастырылады. Сонымен қатар ұлы билердің қоғамдық-саяси өмірдегі орны талданады.