Оқушыларға әңгіменің мазмұны арқылы адамгершілік құндылықтар жайлы түсінік беру

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. 1 Адам болам десеңіз
  2. 2 Ауылға келген мұғалім
  3. 3 Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры
3-сынып Халық ауыз әдебиеті Топтық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры»

Білімділік

Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларға адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Әдеби сауаттылықты дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерді тануға және қабылдауға үйрету.

Тәрбиелік

Мәтіндегі негізгі ойды негізге ала отырып, ізгілікке және өзгенің құқығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

  • Түрлі тапсырмаларды орындауда топтық жұмыс дағдысын қалыптастыру.
  • Еркіндік пен сенімге негізделген оқу атмосферасын құру.
  • Оқытудың жаңа тәсілдерін сабақ үдерісіне жүйелі енгізу.

Көрнекіліктер

  • Көрнекі және көркем суреттер
  • Үлестірмелі материалдар
  • Бағалау фишкалары
  • PowerPoint таныстырылымы

Күтілетін нәтиже

  • Топтық жұмысқа біртіндеп бейімделе бастайды.
  • Өзін еркін ұстауға дағдыланады.
  • Өзін-өзі бағалауға үйрене бастайды.
  • Мәтіндегі негізгі ой арқылы қажетті қасиеттерді өз тәжірибесімен байланыстырады.

Сабақтың мазмұны

1) Кіріспе (тұлғааралық байланыс)

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сабақтың сәтті өтуіне арналған жылы сөздер айтады.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Әр оқушы көршісіне екі жағымды пікір және бір тілегін білдіреді. Мақсат — ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

2) Топқа бөлу және топтық жұмысқа даярлау

Оқушыларға суреттер таратылады. Суреттерді топтастыру арқылы сынып бірнеше топқа бөлінеді. Бұл кезең топтық жұмыстың тәртібі мен рөлдерін нақтылауға бағытталады.

3) Өткенді қайталау және білім деңгейін анықтау

Сұрақ: «Өткен сабақта қандай ертегіні өттік?»

Тапсырма: мәтіндегі екі кейіпкерге мінездеме беру және Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Сыни ойлау (Венн диаграммасы)

Оқушылар қарлығаш пен торғайдың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, диаграммаға түсіреді.

  • Жауапты толық тыңдау, оқушының сөзін бөлмеу.
  • Жауапты қолдау, қажет жерде түзету және нақтылау сұрақтарын қою.
  • Назарды ең маңызды ойға бағыттау.

Тұсаукесер (мотивациялық кезең)

Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру

  • Аңыз әңгімелермен танысу.
  • «Аңыз әңгіме» ұғымын анықтау.
  • Ертегіден айырмашылығын салыстыру.
  • Белгілі аңыз кейіпкерлерін атау.

Диалогтық оқыту

Мұғалім оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, сұрақтар арқылы ойды тереңдетеді. Сыныптағы енжар оқушылардың қатысуын да бақылап, ынталандыру тәсілдерін қолданады.

Негізгі бөлім

1) «Миға шабуыл»: суретпен жұмыс

Сұрақ: «Суретке қарап, бүгінгі мәтін не туралы болуы мүмкін?» Оқушылар өз болжамдарын айтады, пікір алмасады, қиялын іске қосады.

  • Ой қозғау және еркін пікір айтуға жағдай жасау.
  • Жауаптарды толық тыңдау, қолдау және нақтылау.

2) Оқулықпен жұмыс: «Джигсо–1»

Ұйымдастыру

  • Топ ішінде 1–4 болып нөмірлену.
  • Әр нөмір мәтіннің бір бөлігін оқиды.
  • «Сараптама тобына» барып талқылайды.
  • Үй тобына оралып, мазмұнын түсіндіреді.

Нәтиже

Бұл стратегия әр оқушыға мәтіннің мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Талантты және дарынды оқушылардың көшбасшылық қабілеті байқалып, топқа ықпалы артады.

3) Сергіту сәті: «Ине мен жіп»

Оқушылар шеңберге тұрады: топ басындағы оқушы — «ине», қалғандары — «жіп». Ине қозғалғанда жіп үзілмей, бірізді қозғалысты сақтауы керек. Мақсат — көңіл-күйді реттеу, сергіту және топтық үйлесімді нығайту.

Қорытындылау: «Біз не білдік?»

Талқылау жеке, жұптық және топтық форматта ұйымдастырылады.

  1. 1 Осы мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
  2. 2 Қожанасырдың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
  3. 3 Асхана иесі қандай адам? Қысқаша мінездеме беріңдер.

Диалогтық оқыту тәсілі

Мұғалім пікірталасты бағыттап, оқушылардың бірлесе талқылауына, ой бөлісуіне және дәлел келтіруіне мүмкіндік береді.

Рефлексия

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Оқушылар сабақтан алған әсерін, түсінгенін және өз ойын қысқаша бөліседі.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
  • Дербес оқуға дағдылану.

Бағалау

Формативті бағалау жүргізіледі: оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды. Бұл тәсіл өзара бағалауға және жауапкершілікке үйретеді.

Сабақ мақсаты Түйінді идеялар Сабақ мазмұны Бағалау