Төс болсаң төзіп бақ, Балға болсаң соғып бақ
Араб мақал-мәтелдерінен
Төмендегі нақылдар — адам мінезі, сөз әдебі, дос пен дұшпан, еңбек, тағдыр және ақыл жайлы ойды қысқа да нұсқа түйіндейтін мақал-мәтелдер. Әр сөйлемнің астарында өмір тәжірибесі, ескерту және бағыт бар.
Нақылдар жинағы
Көзден көңіл бұрын көреді.
Жаба алмайтын есігіңді ашпа.
Дұшпанның алдына аш барсаң да, жалаңаш барма.
Әркім өз Ләйлісін әнге қосады.
Жолға шықсаң, жолдасыңды сайла.
Ұлыңды өзің жөнге салмасаң, өмір тезге салады.
Солқылдақ тақтай сынбайды.
Құтырған иттің күшігін асырама.
Әлсіздің қаруы — арызы.
Әр бастың ауруы әр басқа.
Аталы сөз айтпағанның аузы жабылмас.
Төбетке күнің түссе, «туысым» дерсің.
Мақал — сөздің мәйегі.
Ақылдан айырылғанша, аяқтан айырылған артық.
Періште боп келіп, пері қусап қайтты.
Тіл — жүректің тілмашы.
Жарлы — жарты әлемді алып жатыр.
Жалдамалы әскер жанын сала соғыспайды.
Кереңді мылқау ұғады.
Қолы жоққа найза не керек?
Алтын арқалаған атаның да жейтіні — ала бота.
Бұқа тұмсығын мүйізімен қорғайды.
Қуаныштың күні қысқа.
Бала — жасында жұт, өскен соң құт.
Қорықсаң — айтпа, айтсаң — қайтпа.
Төс болсаң — төзіп бақ, балға болсаң — соғып бақ.
Керемет қып айта алмасаң, келістіріп көрсете біл.
Жақсылық тілеген де бір, жарылқаған да бір.
Шапшаң жауап бергің келсе, асықпай сөйле.
Аласа дуалға әркім-ақ шығады.
Көп көрген — кемеңгерден де артық.
Жалаңаштық жамаушылыққа үйретеді.
Қызылдың бәрі шай емес, сарының бәрі май емес.
Мұқтаждық — мың өнердің анасы.
Аяқ адамның тілеген жеріне ғана барады.
Ақылды ұры ауылын ұрламайды.
Үйінде не бары — иесіне мәлім.
Екі дос иненің жасуындай жерге де сыяды.
Қос бармақ қолдың сынын кетіреді.
Ыстық су бір кезде салқын болғанын ұмытпайды.
Жаныңда айың отырса, жұлдызды іздеп қайтесің?!
Әкеңнен мұра қалмаса, ағаға сену — далбаса.
«Қонақ, қонақ» дейсің, қолыңдағы найзаң несі?!
Жұт жылы жиырма айға созылады.
Қажыға қатыныңды көрсетпе.
Көр соқыр куә бола алмайды.
Досыңның қасынан да сақтан, қасыңның досынан да сақтан.
Отан өз ұлын ұмытпайды.
Сүзгісі келген мүйізін жасырмас.
Кезінде кешірген — кең пейіл.
Өкімет найзасы ұзын.
Өрілген бұрым ұйыспайды.
Адал — алаңсыз ұйықтайды.
Ақымаққа бейнетті Алланың өзі жібереді.
Дәулеттен даңқ артық.
Адамның сөзі — ақылының таразысы.
Шұғылалы таңға шырағдан не керек?!
Кесені өзі ұстай алмағанның шөлі қанбас.
Есесі қайтпас еңбек жоқ.
Нардың жүгін көтерем десең — налыма.
Шапқылағанның бәрі шабандоз емес.
Шала піскен қарбыздың шопағы көп.
Астық шықпаған жылы ашытқы да ұмыт қалады.
Есіргісі келген есепсіз ішеді.
Жер беті толы — тоғыз айдың перзенті.
Ұзын тілдің ойы шолақ.