Күйеу келсе қыз тұрмас, Бесін келсе күн тұрмас
Күйеу туралы мақал-мәтелдер
Төмендегі мақал-мәтелдерде күйеу мен құдалық, қайын жұртпен қарым-қатынас, сыйластық пен мінез туралы халықтың байқауы, әзіл-шыны аралас түйіні көрінеді. Кейбірі астарлы ескерту болса, енді бірі салт-дәстүрдің қадірін танытады.
Мақал-мәтелдер
-
Күйеу — жүз жылдық.
-
Жаман күйеу — қайынсақ.
-
Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
-
Күйеу атымен күл тасы, жезденің атымен жер айда.
-
Күйеу жолдасымен жарасымды, қыз жасауымен жарасымды.
-
Күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық.
-
Күйеу келсе — қыз тұрмас, бесін келсе — күн тұрмас.
-
Күйеуіне қызы сай, елігіне жері сай.
-
Күнде келсе күйеу жаман, жымысқы болса жиен жаман.
-
Күшік күйеу болғанша, иттің күшігі бол.
-
Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.
-
Қалыңдығына өкпелеген күйеу қайнысына сәлем бермейді.
-
Қалыңдығың сүйкімсіз болса, қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?
-
Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ.
-
Өлі-тірісін берген соң, өлі күйеу жатар ма?
-
Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.