Зәмзәм әңгімесін оқу
Сабақтың тақырыбы
Зәмзәм
Сабақтың мақсаты
А) Білімділік
Оқушыларды «Зәмзәм» әңгімесімен және оның тәрбиелік мәнімен таныстыру.
Ә) Дамытушылық
Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Б) Тәрбиелік
Адамгершілікке, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Сабақтың әдісі
СТО технологиясының әдістері, «Әдебиет үйірмесі»
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, аудиожазба
Сабақтың құрылымы
-
I
Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
-
II
Мағынаны тану
Мәтінді талдау және тапсырмалар
-
III
Толғаныс
Топтық жұмыстар мен қорытынды пікір
-
IV
Үй тапсырмасы
Оқу және зерттеу тапсырмасы
-
V
Бағалау
Эксперттік топтың сараптамасы
Топтарға бөлу
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ сабақ барысында өз бағыты бойынша тапсырмаларды орындайды.
1) Тарихшылар
Тақырыпқа қатысты тарихи деректермен жұмыс.
2) Әдебиетшілер
Мәтіннің көркемдік қырларын талдау.
3) Тілшілер
Сұхбат, сұрақ-жауап арқылы ой жинақтау.
4) Суретшілер
Оқиға желісін иллюстрациялау және түсіндіру.
I. Ой шақыру
Аудиожазба
Аудиожазба тыңдалады, кейін төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізіледі:
- Бұл қандай шығарма?
- Бұл шығарма қалай пайда болған?
- Оның тәрбиелік мәні қандай?
Үй тапсырмасын тексеру
- «Сымайыл» әңгімесін баяндау.
- Венн диаграммасы: дәстүр мен дінді салыстыру.
II. Мағынаны тану
Тапсырма: мәтінді өз сөзіңмен жалғастыр. Оқиға желісін сақтай отырып, ойды жүйелі жеткіз.
1-бөлім
Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке төзді: азық та, сусын да таусылды. Іші шұрылдап, ерні кезерді. Баласы шырылдап, безек қағып жылады. Ажар оны омырауына қысып, көз жасы көл болды.
2-бөлім
Содан кейін Ажар баласын жерге қойып, су іздеп шықты. Сафа тауы мен Марва тауының арасында қайта-қайта жүгірді. Әлсіреген баланың жылауға да шамасы келмей қалды. Сол сәтте бала бір аяғымен жерді түртіп қалып еді, кенет бұлақ атқылады.
3-бөлім
Бұл — Алланың Ана мен балаға жасаған рақымы еді. Ажардың маңдайынан тер шығып, баласына су берді, өзі де қанып ішті. Екеуі сергіп, бойына күш жиналды. Бұл су «Зәмзәм» деп аталып, кейін қажылыққа барған адамдардың қасиетті су ретінде алып қайтатын ырысына айналды.
III. Толғаныс
Топтық жұмыс: әр топ берілген бағыт бойынша ой қорытындысын жасап, сынып алдында қорғайды.
Тарихшылар
Қосымша тарихи дерек дайындау.
Әдебиетшілер
Діни әңгімелердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталу.
Тілшілер
Сұхбат алу (сұрақ дайындау, жауап жинақтау).
Суретшілер
Салған суреттерін таныстырып, мазмұнын түсіндіру.
IV. Үйге тапсырма
- «Зәмзәм» әңгімесін оқу.
- Діннің шығу тарихы туралы мәлімет жинау.
V. Бағалау
Эксперттік топ
Оқушылардың жұмысы эксперттік топтың сараптамасы арқылы бағаланады: топтық белсенділік, ойдың нақтылығы, дәлел келтіру, шығармашылық және тапсырманы уақытында орындау өлшемдері ескеріледі.