Менің отбасым қонақжай
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — отбасы құндылығының маңызын ашу және балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері
- Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
- Отбасы туралы жағымды қарым-қатынасты дамыту.
- Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- «Өзін-өзі тану әлемі» картасы
- Дәптер
- Ойыншық жүрекше
- Отбасы мүшелерінің суреттері
Шаттық шеңбері: жылы сөз — жүрекке қуат
Сабақ «Қайырлы таң, балалар!» деген ізгі тілекпен басталады. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне сүйіспеншілігін білдіреді. Әр балаға оның жақсы қасиетін атап, жылы сөз айтылады.
Жылы лебіздер
-
Жазира
Сен әдепті қызсың.
-
Нұржан
Сен батыр баласың.
-
Бақыт
Сен мейірімді қызсың.
-
Әділет
Сен тәртіпті баласың.
-
Алтынай
Сен шыншыл қызсың.
-
Ерсұлтан
Сен ақкөңіл баласың.
-
Алима
Сен қамқорсың.
-
Алишер
Сен ақылды баласың.
-
Мадина
Сен сұлу қызсың.
-
Аружан
Сен ажарлы қызсың.
-
Елдана
Сен әдемі қызсың.
-
Фариза
Сен сымбатты қызсың.
-
Дильназ
Сен көрікті қызсың.
-
Айдана
Сен әдемісің.
-
Сырым
Сен мықты баласың.
Әңгімелесу: «Отбасы» аялдамасына саяхат
Бүгін біз «Өзін-өзі тану әлемінің» «Отбасы» аялдамасына тоқтаймыз. Сабақ барысында отбасының құндылығы мен маңызы туралы әңгімелесеміз.
Сұрақ
Суреттен нені көріп отырсыңдар?
Балалардың ықтимал жауаптары
- —Бұл жерде бізді қызықты ойындар мен тапсырмалар күтіп тұр.
- —Бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
«Өзіммен өзім»: үйді көз алдына елестету
Балалар кілем үстіне жайғасады. Әркімнің өз үйі бар, әркім өз үйін жақсы көреді. Себебі ол — туған үй. Бұл үй сендер үшін жайлы әрі жылы. Ол жерде сендерді жақсы көретін адамдар тұрады.
Жаттығу барысы
- 1 Өз үйіңді және отбасыңды ойша елестет.
- 2 Қаласаң, көзіңді жұмып, баяу әуенді тыңда.
- 3 Көзіңді ашып, ойыңмен бөліс.
Сергіту сәті: «Тату-тәтті отбасы»
Мұғалім «тату-тәтті отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адам тұрады» деп айтады. Балалар сол санға сәйкес тез топтасып тұра қалады. Бұл ойын ұйымшылдықты күшейтеді.
Санамақ: «Бір үйде біз нешеуміз?»
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым — атам,
Балан үйрек — апам,
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек — анам,
Кішкентай бөбек — мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде — бесеуміз.
Көрініс: «Ана мен бала»
Бала доппен ойнап жүріп құлап қалады. Оны көрген анасы жүгіріп келіп, баласын көтеріп алады.
Айналайын, жан балам,
Құладың-ау, сен жаман.
Ауырған жоқ па бір жерің?
Жүргенің жақсы — аман!
Сұрақ
Сендерде осындай жағдай болды ма?
Сұрақ
Ондайда аналарың қандай сөз айтады?
Отбасы туралы өлең жолдары
1-өлең
Ең жақын адамдар —
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі —
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі —
Ақ шашты әжем бар.
2–3-өлең
Ұлдардың үлкені —
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені —
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі —
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі —
Бір туған қарындас,
Әпкеге — сіңлі бар.
Дәйексөз: отбасының қадірі
«Адамға ең қымбат — отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасы — бұл сенің ең жақын адамдарың: атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңлің. Біз туған үйімізді жақсы көреміз, өйткені ол — сүйіспеншілік пен жылулық мекені.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма
Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.
Үй
Туған мекен
Терезе
Отбасы мүшелері
Сурет
Есте сақтау, елестету
Ән: «Анашым»
Балалармен бірге «Анашым» әні орындалады. Ән — анаға деген құрмет пен алғыстың әдемі көрінісі.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасы мүшелерін сыйлауға және бір-бірімізге көмектесуге үйрендік. Отбасы — атаң, әжең, әкең, анаң, әпкең, ағаң, інің, сіңлің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке тәрбиелейді.
«Жүректен жүрекке»: жылы тілектер
Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып, өз отбасына және оның мүшелеріне сүйіспеншілігін білдіріп, жақсы тілектер айтады.
Тілек үлгілері
Менің отбасым ең тату отбасы.
Менің отбасым ең үлкен.
Мен атам мен әжемді жақсы көремін.
Менің анам — ең ақылды адам.
Менің отбасым аман болсын.
Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
Менің отбасым қонақжай.
Менің отбасым көңілді.
Менің отбасым мейірімді.
Менің отбасым ең бақытты.
Мен өз отбасымды жақсы көремін.