Жіңішке дауысты дыбыс екенін меңгерту
Сабақтың тақырыбы
І дыбысына жаттығу.
Сабақтың мақсаты
- І дыбысына сөздер мен сөйлемдер құрастыру; оның жіңішке дауысты дыбыс екенін меңгерту.
- Мәтінді жүргізе оқуға үйрету және «Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылардың жан-жақты ойлауын дамыту.
- Топтау және INSERT стратегиялары арқылы топпен жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Ұйымдастыру және ресурс
- Жабдықтар
- Ватман қағаз, суреттер, кеспе әріптер, доп.
- Сабақтың типі
- Білім, іскерлік және дағдыны қолдану.
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, көрнекілік, топтау.
Сабақтың барысы
А) Ұйымдастыру бөлімі
I. Өтілген материалды пысықтау және бекіту
- «Допты қағып ал» ойыны: І дыбысына сөз ойлау.
- Көрнекілікпен жұмыс: «Кім?» сұрағына жауап беретін мамандық иелері туралы әңгімелеу.
II. Жаңа материал бойынша жұмыс
1) «Топтау» стратегиясы
Топтарға суреттер беріледі, оқушылар оларды төмендегі санаттар бойынша топтастырады:
Санаттар
- Аңдар
- Құстар
- Үй жануарлары
- Жемістер
- Көкөністер
Негізгі ой
Бүгін аңдар туралы және олардың қайда мекендейтіні туралы «Ін» мәтіні арқылы білеміз.
«Ін» мәтіні
Кейбір аңдар ағаш діңін мекендейді. Қоректерін інде сақтайды. Ал борсық пен суыр қыста інде ұйықтайды. Кейін індерін жаңартып, ондағы қоқысты сыртқа шығарып тастайды. Індерді кейбір құстар да пайдаланады. Олар індерде жұмыртқалап, балапан шығарады.
Мұғалімнің оқуы
Үлгі оқу, мәнерлеу.
Іштей оқу
Түсінгенін белгілеу.
Дауыстап оқу
Дұрыс дыбыстау, қарқын.
2) INSERT стратегиясы
-
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасы түсініксіз сөздерге белгі қойыңыз:
ешкі елік кілем білек желім ескі етік ілмек жібек жеңіл
- Сөздерді буынға бөліңіз.
- Дыбыстық талдау жасаңыз.
-
Сөздік жұмысы:
Ерлік
Ерлік — батырлыққа, батылдыққа бару.
Кітап
Кітап — оқуға, білімге шақырады.
Топпен жұмыс
I топ
Оқу мен білім туралы мақал-мәтел айту.
II топ
«Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау.
III топ
«Кітап — білім бұлағы» тақырыбында эссе жазу.
4) Ойын: «Кім жылдам?»
І дыбысының жіңішке дауысты екенін бекітуге арналған тапсырма:
Т... л... п...
Т... с... с...
Т... к... н...
Толықтырып жазыңыз
5) Дәптермен жұмыс
- Дәптердегі сөздерді жазу.
-
Сөздік диктант:
Тақтаға көрнекілік ілінеді. Оқушылар көрнекілікке сүйене отырып мына сөздерді жазады: оқушылар, қасқыр, ешкі, кірпі.
6) Үй тапсырмасы және бағалау
- Үй тапсырмасын беру.
- Оқушылардың жұмысын бағалау.
7) Топтастыру және «Кубизм» стратегиясы
- Кубиктің әр қырына өтілген дыбыстар жазылады.
- Кубик түскен қырына сәйкес әр топ сөз ойлап, оны топтастырады.