Сайыс қорытындысы
Сайыс туралы қысқаша мәлімет
«Ал, қанеки, қыздар!» — бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын-сауық және жарыс форматындағы тәрбиелік-танымдық конкурс.
Міндеттері
- Ойын тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын ояту.
- Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру.
- Өнерді үйренуде өз бетінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты
Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке және парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі
Ойын-сауық, жарыс
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика, бейнелеу өнері
Көрнекілігі
Плакаттар, қабырға газеті, көрме, қолөнер бұйымдары
Жоспар (1 сағат)
-
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сайыстың тақырыбымен таныстыру.
- Қатысушы топтармен таныстыру.
- Әділқазы алқасымен таныстыру.
- Сайыс шарттарымен таныстыру (плакатта көрсетіледі).
-
II. Сайыстың барысы
Топтық таныстыру, сұрақ-жауап кезеңі, шеберлік пен тіл өнері, тағам дайындау, пәндер бойынша білім сайысы және қолөнер көрмесі.
-
III. Қорытынды
Ұпайларды есептеу, жеңімпазды анықтау, марапаттау және қорытынды сөз.
Жүргізуші сөзі
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп, өнер-білімге икемді болсын деп, бәйтеректей бойшаңдансын деп, өрен-өршіл, өркенді болсын деп жақсы жолды таңдайық. Жамандықтан тәлім алмайық. Дарынды мектеп дәстүрін жаңалайық, жалғайық. Ары адал, жаны жаз — арулар жолын таңдайық!
Қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға қош келдіңіздер. Ендеше, сайыс шарттарымен танысайық.
Сайыс шарттары
1-шарт: «Сәлем — сөздің атасы»
4 минутӘр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
2-шарт: «Бәйге» (сұрақ-жауап)
5 минутӘр топқа сұрақтар беріледі. Жауап қысқа, нақты және жылдам болуы керек.
3-шарт: «Кім жылдам?» (шеберлік кезеңі)
8 минут- Қағаздан ою ою («Ою ойғанның ойы ұшқыр»).
- Картопты жылдам әрі жұқа, үзілмей тазалау.
- Инені жіпке сабақтап, түйіндеу.
- Түйме қадау (жіп пен матаның үйлесімі, жұмыстың ұқыптылығы).
- 1 минут ішінде инеге бисер тізу (ең ұзын тізбек жеңеді).
4-шарт: «Тіл өнері»
5 минутМақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы жасырылған сөздерді табу.
5-шарт: «Ас — адамның арқауы»
10 минутӘр топ жаңашыл салат түрін дайындайды. Уақыт — 5 минут (бағалау қосымша уақытпен жүргізіледі).
Ас көңілдің ажары. Тағамның да білген сыры бар — сайыскерлер өз шеберлігін дәл осы кезеңде көрсетеді.
6-шарт: «Білімді мыңды жығар»
әртүрліӘртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. Мақсаты — оқушының ой-өрісін, логикасын және білім аясын байқау.
7-шарт: «Он саусағы майысқан шебер»
үй тапсырмасыҚолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы ретінде сөзжұмбақ (2 минут).
Әділқазы алқасы
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын. Өнерді әділдікпен бағалайтын әділқазы алқасымен танысыңыздар:
- 1 Шамакова Динара Уразбаевна — мектеп директоры
- 2 Кашкинбаева Гулнар Советовна — директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары
- 3 Таңсықбаева Ақөрік Сағырбаевна — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- 4 Риза Максимовна — қазақ тілі пәнінің мұғалімі
«Бәйге» сұрақтарына үлгілер
Әр топқа сұрақтар топтамасы ұсынылады. Төменде сайыста қолданылатын сұрақтардың үлгілері берілген.
І топ (үлгі)
- Ұлттық бас киімдерді ата.
- Сәукеле, тақия, бөрік, т.б.
- Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ сақталатын тағам.
- Құрт.
- Үш арсызды ата.
- Ұйқы, күлкі, тамақ.
- Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді?
- 4: жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық.
- Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше.
- Түскиіз.
- Кестелеуге қандай ине-жіп алған дұрыс?
- Жіңішке ине, кесте жібі.
ІІ топ (үлгі)
- Табиғи жүнді неден алады?
- Қой, ешкі.
- Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішкен дұрыс?
- 3 сағат бұрын.
- Қамырдың негізгі шикізаты.
- Ұн.
- Көкөністен дайындалған салқын тағам.
- Салат.
- Тамақ әзірлеу өнері.
- Кулинария.
- Иық бұйымына жататын ұлттық киім.
- Камзол.
ІІІ топ (үлгі)
- Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал.
- Салфетка.
- Бидайдан әзірленген ұнтақ.
- Манкa.
- Тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтанған дұрыс?
- Түсте.
- Кестелеу үшін қандай құралдар керек?
- Кергіш, оймақ, ине.
- Сумоншақтың орысша атауы.
- Бисер.
- Нанның кептірілген бөліктері.
- Сухари.
«Тіл өнері»: жұмбақтар (үлгі)
1-топ
Бар екен дүниеде жалғыз көзді, сол көзбен дүниенің бәрін кезді...
Жауабы: Ине.
«Оқу — инемен құдық қазғандай.»
Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың.
Жауабы: Тұз.
«Доссыз адам — тұзсыз ас.»
Екі семсер айқасқан, асыл қайшы пішуге сән...
Жауабы: Қайшы.
2-топ
Бір сусын бар жұртымда, ішсең уыз ұртыңда...
Жауабы: Сүт.
Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер.
Жауабы: Қол.
«Көз қорқақ, қол батыр.»
Киім деуге жатпайды, киімді кірден сақтайды.
Жауабы: Алжапқыш.
Қорытынды және марапаттау
Сайыс соңында әділқазы алқасы ұпай санын жариялап, жеңген топты анықтайды. Жеңімпаздар марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер білімдеріңді ортаға салып, шеберліктеріңді көрсетіп, тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан оқушыларымызға және көрермендерімізге үлкен алғыс айтамыз.
Тәрбиелік түйін
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып — ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Ол — халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Басты мақсатымыз — осы баға жетпес құндылықтарды бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау.