Жаңа сабақты бекіту Білімдіден шыққан сөз
Тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Тәуекелге бел бусақ, алға жылжимыз. Жеткізбей кетер жүйрік жоқ — талпынсаң, бәріне де жетесің.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Функционалдық тәуелділіктің функция түрінде жазылатынын түсіну.
2) Дамытушылық
Функцияның жазылуын және оқылуын меңгеру; анықталу аймағын және мәндер аймағын табу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Білімге жауапкершілікпен қарауға, мақсатқа табандылықпен жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге үйрету.
Сабақтың әдісі
Деңгейлеп, саралап оқыту.
Көрнекілігі
Слайдтар, сөзжұмбақ, сәйкестендіру кестесі, жетондар.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарын сабаққа аударту.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары: «Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап».
-
3) Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге — маржан».
-
4) Жаңа сабақты бекіту
«Білімдіден шыққан сөз».
-
5) Оқулықпен жұмыс
№1257, №1258 есептері арқылы дағды қалыптастыру.
-
6) Қорытындылау
- Сабақты қорытындылау, талдау жасау.
- Оқушылар білімін бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.
Қайталау: сәйкестендіру тапсырмасы
Төмендегі ұғымдарды дұрыс анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.
| Сұрақ / анықтама | Жауап (таңдаңыз) |
|---|---|
| Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. | Диагональ |
| О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура қалай аталады? | Центрлік симметриялы фигура |
| Симметриялы фигуралар өзара қандай болады? | Тең |
| Әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік координаталық жазықтықта сызықпен кескінделеді, оны қалай атайды? | График |
| Егер түзу бойымен бүктегенде екі фигура беттессе, онда фигуралар түзуге қатысты қалай аталады? | Түзуге қатысты симметриялы |
| Формулалар: C = 2πR, S = πR², P = 4a. | Шеңбер / периметр формулалары |
Жаңа тақырып: функция ұғымы
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.
Терминнің шығу тегі: «Функция» сөзі латынның functio сөзінен шыққан, «орындау», «атқару» дегенді білдіреді. Бұл терминді математикаға 1694 жылы неміс ғалымы Готфрид Вильгельм Лейбниц енгізген.
Негізгі ұғымдар
- Тәуелсіз айнымалы — аргумент.
- Тәуелді айнымалы — функция (аргументтің функциясы).
Жалпы жазылуы
Функцияның жазылуы: y = f(x). Оқылуы: «икстен эф».
Мұнда x — аргумент, y — функция, ал f — тәуелділік белгілі бір ережемен берілгенін көрсетеді.
Қарастырылатын екі жағдай
I. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табу.
II. Функцияның мәні берілсе, аргументтің мәнін табу.
Бекіту: «Функция» сөзжұмбағы
Түсінгеніңізді тексеру үшін сұрақтарға жауап беріңіз:
-
1. Функция немен беріледі?
Формула
-
2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады?
Аргумент
-
3. Тәуелсіз айнымалы қабылдайтын мәндер жиыны қалай аталады?
Анықталу аймағы
-
4. Координаталық жазықтықта тәуелділіктің сызықпен кескінделуі қалай аталады?
График
-
5. «Функция» терминін алғаш енгізген неміс ғалымы?
Лейбниц
-
6. Квадраттың барлық қабырғаларының қосындысы?
Периметр
-
7. Аргументке тәуелді айнымалы қалай аталады?
Функция
Жауаптар қатары
ФОРМУЛА · АРГУМЕНТ · АНЫҚТАЛУ · ГРАФИК · ЛЕЙБНИЦ · ПЕРИМЕТР · ФУНКЦИЯ
Оқулықпен жұмыс
№1257. f(x) = 3x + 5
1) Функция мәндерін табу
- f(2) = 3·2 + 5 = 11
- f(0) = 3·0 + 5 = 5
- f(-4) = 3·(-4) + 5 = -7
2) Тұжырымды тексеру
Аргументтің x = 1/3 мәнінде f(x) = 3x + 5 функциясының мәні 6-ға тең деген тұжырым дұрыс па?
№1258. y = 7x + 4
Аргументтің берілген мәндеріне сәйкес функцияның мәндерін тауып, кестені толтырыңыз.
| x (аргумент) | y = 7x + 4 (функция) | Есептеу |
|---|---|---|
| -2 | -10 | 7·(-2) + 4 = -14 + 4 |
| -1/7 | 3 | 7·(-1/7) + 4 = -1 + 4 |
| 0.5 | 7.5 | 7·0.5 + 4 = 3.5 + 4 |
| -3 | -17 | 7·(-3) + 4 = -21 + 4 |
| 0 | 4 | 7·0 + 4 = 0 + 4 |
| -1.2 | -4.4 | 7·(-1.2) + 4 = -8.4 + 4 |
Қорытынды және үй тапсырмасы
Ой толғау
Сабақ соңында тақырыптың қаншалықты меңгерілгеніне талдау жасалып, негізгі қателер мен жетістіктер белгіленеді.
Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқып, анықтамалар мен ережелерді жаттау.
- №1261 және №1262 есептерін шығару.