Акробатикалық жаттығулар

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар

Мақсаты

  1. Оқушыларға жаңа тақырыпты толық меңгерту.
  2. Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
  3. Ептілік пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері

Білімділік

Акробатикалық жаттығуларды сәйкестендіру, орындалу техникасын үйрету.

Тәрбиелік

Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру мәліметтері

Құрал-жабдықтар
Гимнастикалық төсеніш, отырғыштар, ысқырық, секундомер, музыка.
Өтетін орны
Спорт залы.

Сабақтың жоспары

Кіріспе дайындық бөлімі

15 мин

Негізгі бөлім

25 мин

Қорытынды бөлім

5 мин

Сабақтың барысы

1) Кіріспе дайындық бөлімі

1. Сапқа тұру және ұйымдастыру

  • Сапқа тұру, сәлемдесу.
  • Сабақтың мақсатын түсіндіру.
  • Саптық жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Айнал!»

Нұсқау: Оқушылардың спорттық киімінің талапқа сай болуын тексеру және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2.1 Жүріспен орындалатын жаттығулар

  1. Қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру.
  2. Қолмен және кеудемен қарапайым қимылдар жасап жүру.
  3. Аяқты тік ұстап, төмен еңкейіп, қолмен аяқтың ұшынан ұстай отырып жүру.
  4. Қолды сермеп, алға және бір бүйірге қарай кең адымдап жүру.
  5. Шеңбер бойымен жарыса жүру: ер балалар — 100 м-ге дейін, қыз балалар — 80 м-ге дейін.

Нұсқау: Басты, денені және қолды түзу ұстап жүруін қадағалау.

2.2 Жүгірумен орындалатын жаттығулар

  1. 1,5 минутқа дейін аяқтың ұшымен жүгіру.
  2. Еденде жату қалпынан белгі бойынша 20 м қашықтыққа дейін жылдам жүгіру.
  3. Қолды және аяқты тіреп секіру арқылы жүгіру: ер балаларға — 120 см, қыз балаларға — 110 см биіктік.
  4. Гимнастикалық снарядтардан асып өтіп жүгіру: ер балаларға — 170 см, қыз балаларға — 140 см.
  5. Бір қолмен зат көтеріп жүгіру (нығыздалған доп).
  6. Жай қарқында босаң күйде жүгіру: ер балаларға — 4 минутқа дейін, қыз балаларға — 3 минутқа дейін.
  7. Арқамен алға қарап жүгіру.
  8. Жүріс арқылы тынысты және демалысты қалпына келтіру.

Нұсқау: Денені тік ұстауын, қол қимылын дұрыс орындауын және дұрыс тыныс алуын қадағалау.

Ырғақты гимнастика (музыка ырғағымен)

1) Жеңіл қыздыру

  • Бір орында 40–50 секунд жүру.
  • 20–30 секунд жеңіл жүгіру.

2) Негізгі тұрыс

1–2 есепте қолды екі жақтан жоғары көтеріп, аяқтың ұшына көтерілу және терең тыныс алу; 3–4 есепте бастапқы қалыпқа келу. (6–8 рет)

3) Қол кеуденің алдында

1–2 есепте шынтақтан бүгілген қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; 3–4 есепте сол қозғалысты қолды түзу жазып орындау.

4) Оң қол жоғарыда, сол қол төменде

Саусақтар бүгілген қалыпта: 1–2 есепте қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; 3–4 есепте қозғалысты екі қолдың орнын ауыстырып орындау. (5–6 рет)

5) Аяқ арасы иық деңгейінде, қол белде

Оң қолды алға созып, артқа қарай қатты сермеу. Бір мезетте кеудені оңға бұрып, қолдың ұшына қарау. (4–6 рет)