Секреция бездері
Биология (8-сынып)
Сабақ тақырыбы: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Білімділік мақсат
Оқушыларға ішкі секреция бездерінің маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Секреция бездері туралы білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, интернет желісі
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Сынып оқушыларының қатысуын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Тура жауабын тап!» сұрақтары:
- Сыртқы секреция бездері деп қандай бездерді айтамыз?
- Сыртқы секреция бездерінің өнімдері қандай?
- Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?
- Гормондар дегеніміз не?
- Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді?
- Бездерден бөлінген өнімдер (гормондар/сөл) қайда шығарылады?
Сыртқы секреция бездері — олардың секреті (сөлі) ағза қуыстарына (ауыз қуысы, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға (тер, жас, май, сүт) бөлінеді.
3) Жаңа сабақ
Секреция бездері үш топқа бөлінеді: ішкі, сыртқы және аралас.
Ішкі секреция бездері
Өлшемі шағын (миллиграмм немесе грамммен өлшенеді). Өзегі болмайды, гормондарды тікелей қанға бөледі.
- Гипофиз
- Эпифиз
- Қалқанша без
- Қалқанша маңы безі
- Айырша без (тимус)
- Бүйрек үсті безі
Сыртқы секреция бездері
Сөлді өзек арқылы ағза қуысына немесе сыртқы ортаға бөледі.
- Сілекей безі
- Тер безі
- Жас безі
- Сүт безі
Аралас секреция бездері
Екі қызмет атқарады: әрі сыртқа, әрі ішке (қанға) секрет бөледі.
- Ұйқы безі
- Жыныс бездері
Негізгі ұғымдар
Ішкі секреция бездері → өзегі жоқ, гормон бөледі.
Аралас секреция бездері → ұйқы безі, жыныс бездері.
Сыртқы секреция бездері → жас, тер, сүт, сілекей бездері және т.б.
Бездер, гормондар және ықтимал бұзылыстар
| № | Секреция безі | Бөлетін гормон | Пайда болуы мүмкін аурулар/бұзылыстар |
|---|---|---|---|
| 1 | Гипофиз | Өсу гормоны | Акромегалия, алыптылық |
| 2 | Қалқанша без | Тироксин | Микседема, кретинизм, эндемиялық зоб |
| 3 | Қалқанша маңы безі | Паратгормон | Ұстама, бұлшықет пен жүйке қозуының артуы |
| 4 | Бүйрек үсті безі | Адреналин | Аддисон ауруы, қан қысымының төмендеуі |
| 5 | Айырша без (тимус) | Тимозин | Иммунитеттің төмендеуі |
| 6 | Ұйқы безі | Инсулин | Қант диабеті |
| 7 | Жыныс бездері | Еркекте: андроген; әйелде: эстроген | Жыныс бездері мен жыныс мүшелерінің баяу дамуы |
4) Бекіту тапсырмасы
Ішкі секреция бездерін адамның денесінде орналасу ретімен жазыңыз:
Нұсқа
- Гипоталамус
- Гипофиз
- Эпифиз
- Қалқанша без
- Қалқанша маңы безі
- Айырша без (тимус)
- Бүйрек үсті безі
- Ұйқы безі
- Аналық без, аталық без
- Аталық без
Аралас тізім (оқушы толтырады)
- Бүйрек үсті безі
- Гипоталамус
- Гипофиз
- Эпифиз
- Айырша без (тимус)
- Қалқанша маңы безі
- Ұйқы безі
- Қалқанша без
- Аналық без, аталық без
- Аталық без
Автор туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Көбекова Ақмарал Әбиханқызы.