Бүгінгі сабақтың мақсаты

Сабақ туралы мәлімет

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Волгодон орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы ұсынған сабақ жоспары.

Пән / Сынып
Қазақ тілі, 5-сынып
Тақырып
Адамға пайдалы сусындар
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Сусын түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
  • Жаңа сөздерді меңгерту.
  • Жалғау түрлерін қайталау және деңгейлік тапсырмалар орындату.

Дамытушылық

  • Деңгейлік тапсырмалар арқылы қисынды ойлау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды молайту.
  • Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Адам ағзасына пайдалы сусындарды тұтыну арқылы денсаулықты сақтауға баулу.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақтың әдістері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Топтық жұмыс Сөздікпен жұмыс Мәтінмен жұмыс Сұхбат Әңгімелеу Ассоциация Венн диаграммасы Тұсаукесер

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Мәтіндер
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Негізгі әрекеттер

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Кезекшінің міндеті.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Оқушыларды 2 топқа бөлу және бір-біріне тілек айту.

Амандасу мәтіні

— Қайырлы күн!

— Қайырлы күн, көк аспан!

— Қайырлы күн, жер ана!

— Қайырлы күн, достарым!

— Қайырлы күн, қонақтар!

Топ атаулары
1-топ: Қымыз 2-топ: Шұбат

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: 68-бет, 5-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқу.

Қайталау сұрақтары

  • Сұрақ: Адам денсаулығы жақсы болу үшін не істеу керек?
    Жауап: Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау, иммунитетті нығайту.

Тақырыпқа кіріспе (топтастыру)

Иммунитетті көтеретін ұғымдар арасынан бүгінгі тақырыпқа апаратын негізгі тірек сөз анықталады: пайдалы сусындар.

Дәрумендер Спортпен айналысу Дұрыс тамақтану Пайдалы сусындар

III. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты (қысқаша)

  • Пайдалы сусындар туралы мағлұмат беру.
  • Жаңа сөздерді меңгерту.
  • Жалғау түрлерін қайталау.
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату.

Жаңа сөздер

Шұбат
верблюжье молоко
Қымыз
кобылье молоко
Шипалы
лечебный
Сіңімді
питательный
Өкпе
легкий
Зәмзәм
святая вода

Мұғалім сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды. Кейін жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқиды (слайд және аудиомәтінмен бірге). Оқушылар мәтінді кезекпен оқып, аударады және мазмұнын талдайды.

Шұбат туралы

Шұбат — түйе сүтінен ашытып жасалатын өте шипалы сусын. Оның құрамында адам ағзасына сіңімді, пайдалы заттар мол болады. Шұбат қан толықтырады, өкпе мен асқазан ауруларына емдік мақсатта пайдаланылады.

Қымыз туралы

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымызды өкпе, бүйрек және сүйек ауруларын емдеуде қолданады.

Талқылау

Мәтіннен не түсіндіңдер? Негізгі ойды бір-екі сөйлеммен айтып көріңдер.

Сергіту сәті

«Мереке күніңмен» әнін орындау.

IV. Жаңа сабақты бекіту

I деңгей

1-топ: Қымыз

«Қымыз» сөзін тәуелдеу.

2-топ: Шұбат

«Шұбат» сөзін септеу.

II деңгей (тақтамен жұмыс)

1-топ: Қымыз

Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңдар:

  1. Қымыз — жылқы сүтінен ...
  2. Қымыз ..., ... емдегенде пайдаланылады.
  3. Қымыз — өте ... сусын.
2-топ: Шұбат

Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңдар:

  1. Шұбат — түйе сүтінен ...
  2. Шұбатта сіңімді, пайдалы заттар ...
  3. Шұбат ..., ... ауруларын емдегенде пайдаланылады.

III деңгей (Венн диаграммасы)

Қымыз бен шұбаттың айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін салыстырып жазыңдар.

Қымыз (ерекшелігі)

Жылқы сүтінен ашытылады; қышқыл сүт өнімі.

Ортақ қасиеттері

Пайдалы, шипалы; ағзаға сіңімді; емдік мақсатта қолданылады.

Шұбат (ерекшелігі)

Түйе сүтінен ашытылады; құнарлы, пайдалы заттарға бай.

V. Қорытынды

Бүгін сабақта «Адамға пайдалы сусындар» тақырыбын меңгердік. Енді сұрақтар ұяшықтарда жасырылған ойын түрінде беріледі: әр топ 4 ұяшық таңдап, жауап беріп, ұпай жинайды.

Қорыту сұрақтары

  1. Шұбат неден жасалады?
  2. Қымыз неден жасалады?
  3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  4. Көптік жалғауларды ата.
  5. Қандай дәрумендерді білесіңдер?
  6. Кешке қандай ас ішеміз?
  7. Қант тәтті ме, тұз тәтті ме?
  8. Ілік септігінің жалғауы қандай?
  9. Таңертең біз не ішеміз?

VI. Рефлексия

Білдім

Бүгін қандай жаңа мәлімет алдың?

Түсіндім

Қандай ұғымдар айқын болды?

Қиын болды

Қай бөлікте қиналдың? Неге?

VII. Үй тапсырмасы

Тапсырма: «Қымыз» және «Шұбат» тақырыбы бойынша қосымша мәлімет жинап келу.

VIII. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, топтық жұмысқа қатысуы және сұрақтарға жауап беру белсенділігі бойынша бағаланады.