Оқушыларға слайд - фильмдерді түсіндіру, үйрету
Слайд және жазбалар беттері
Слайд — тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйымдық схемаларды, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді біріктіре алатын күрделі объект.
Негізгі ой
Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі. Оған слайдты жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтін енгізуге болады.
Жазбалар беттері презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және сол сәттерге қатысты жағдайларды белгілеу үшін қолданылады. Сондай-ақ оларды кез келген слайд саны үшін құрып, мысалы, презентацияны сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Презентация дегеніміз не?
Әдетте, белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтар жиынтығы және оларға сәйкес жолдама материалдар (презентация жоспары, баяндамашы ескертпелері, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдар) презентация деп аталады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Слайд-фильм жасауға арналған құрал-жабдықтармен таныстыру.
- Слайд-фильм ұғымын түсіндіру және жасау жолдарын үйрету.
- PowerPoint бағдарламасын қосуды үйрету.
- «Тұсаукесер (презентация)» ұғымының мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық
- Компьютерлік презентация ұғымын қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Қазіргі заманғы техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ барысы
Кезеңдер
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 Жаңа сабақты түсіндіру.
- 3 Бекіту кезеңі.
- 4 Үй тапсырмасын беру.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды журнал бойынша тексеру.
- Сабаққа дайындығын бақылау.
Жаңа материалды меңгеру жоспары
- PowerPoint бағдарламасын іске қосу.
- PowerPoint терезесімен танысу: мәзір тармақтары және құралдар панелі батырмалары.
Сапалы презентацияға қойылатын талаптар
Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегі ережелерді сақтау ұсынылады:
Жоспар және мазмұн
- Презентацияны алдын ала жоспарлау: мақсаты мен жалпы мазмұнын нақтылау.
- Әр слайд мазмұнды және есте қаларлық болуы.
- Ақпараттың ықшам әрі түсінікті берілуі.
Көрнекілік және формат
- Импортталатын бейненің форматын таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескеру.
- Объектінің фоннан түсі бойынша айқын ерекшеленуі.
- Фотобейнені өңдеу үшін арнайы бағдарламаларды пайдалану.
Түс және дизайн
- Безендіруде контрастылық пен түстер үйлесімін сақтау.
- Бірыңғай стильді ұстану және артық элементтерді қолданбау.
Назар аударту құралдары
- Негізгі сәттерге назар аударту үшін анимациялық ауысулар, дыбыс, бейне сияқты мүмкіндіктерді орнымен қолдану.
- Кей жағдайларда дайын материалдарды қолдану тиімді, өйткені бейне және анимация әзірлеу күрделі әрі қымбат болуы мүмкін.
Бекіту және үй тапсырмасы
Бекіту
Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі. Онда слайдты жасау барысында да, көрсету кезінде де түсіндірме мәтін беруге болады.
Үйге тапсырма
- 1 Слайд дегеніміз не?
- 2 Презентация деп нені айтады?
- 3 PowerPoint бағдарламасын не үшін қолданады?
- 4 PowerPoint бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін атаңыз.