Мұғалім Балалар бұдан соң қолымызға қызықтап алғаш ұстаған кітап қай кітап
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін 1 «Б» сынып оқушылары сүйікті Әліппемен қоштасып отыр. Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалар бүгін оқып, жаза алады. Ендеше Әліппемізді ренжітпей, алғысымызды айтып, өнерімізді ортаға салайық.
Есте қалған күн
Балалар, естеріңде ме: алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күн қай күн еді?
Хормен:
1 қыркүйек
Өлең жолдары
Күмбір-күмбір қоңырау,
Сағынған ай — Қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай — Қыркүйек.
Әліппеге алғашқы алғыс
Мұғалім балалардан: «Бұдан соң қолымызға қызыға ұстап, алғаш оқыған кітап қай кітап?» — деп сұрайды. Хор: «Әліппе кітабы».
Әліппенің алғашқы беті
Мұғалім: «Алғысөзде не жазылған және оны кім жазған?»
Ұлболсын
«Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап — Әліппе. Ол аяулы ана тіліңнің бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!»
Нұрхан
«Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін ізгі азамат болып өсетініңе сенемін».
— ҚР Президенті Н.Ә.Н. атынан жазылған алғысөз.
Әліппені ортаға шақыру
Хормен:
Іші толған әріпке
Мынау — әйбат Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі — осы Әліппе.
Балалар:
«Сәлеметсіз бе, Әліппе!»
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар,
Армысыңдар, ата-аналар.
Болашаққа жол ашар
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Әліппе құттықтап: бірнеше сыныптың Әліппе тойына қатысқанын, енді осы сыныптың мерекесіне арнайы келгенін айтады.
Оқушылардың өлеңдері
Балалар өздерінің алғашқы оқу жолындағы әсерін, еңбектің қадірін және Әліппенің берген білімін өлеңмен өрнектейді.
Назерке
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз алғаш рет сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық.
Жанболат
Қолыңа тұңғыш қалам ап,
«А» әрпін тұңғыш жазарсың.
Білім ап, саралап,
«Б»-сына көз саларсың.
Әнипа
Әліппе деген алтын жол,
Апырар сені алысқа.
Жеңіл емес алыс жол,
Тырысып бақ намысқа.
Нұржан
Ұшына жетсең тырмысып,
Озып бәйге аларсың.
Көгінде жарық жұлдыз боп,
Жұртыңа нұр боп жанарсың.
Ұлболсын
Қане, бол құтты, Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Саят
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан —
Әліппе білім есігі.
Нұрхан
Қош бол, құтты Әліппем,
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы анам болып сен...
Көріністер
«А әрпі», «Әліппе тақпақ», сондай-ақ хормен орындалатын «Әліппе» өлеңі ұсынылады.
Ұстаз, Отан, отбасы туралы
Ақниет
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
«Шәкіртім» деп қуанып.
Ержан
Сипадың басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Еркін
Отан — жерім, Отан — суым,
Отан қуат нәр берді.
Отан — ұран, Отан — тауым,
Отан мәңгі гүл берді.
Жансұлтан
Шай ішетін қоюлап —
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырып, оюлап —
Жақсы көрем анамды.
Қуан
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге —
Кетігін тап та, бар қалан.
Әріптер әлемі: 42 әріп
Мұғалім: «Қазақ тілінде қанша әріп бар?»
Ұлан
Алфавитті біліңдер, онда қалып, жүйе бар. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.
Нұрлан
Үйретті бізді 42 дыбыс-әріпке, сөз, сөйлем құрап әріптен, лайық болдық дәріпке.
Мұғалім: «42 әріпті үйренумен қатар, сөз бен сөйлем жаза аламыз ба?» Хор: «Иә».
Тақтаға: «Рахмет саған, Әліппе!» — деп жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, өз білімдерін бекітеді.
Әліппенің аманаты және «Ана тілі»
Әліппе: «Балалар, сендердің өнерлеріңе таң қалып отырмын. Әліппе оқулығын кімге тапсырамыз?» Балалар: «Дайындық сыныбына».
Әліппе:
«Балалар, ендігі оқитын “Ана тілі” келіп тұр. Қарсы алайық!»
Ана тілі:
«Балалар, тойларың құтты болсын! Мен — Ана тілімін. Енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласыңдар. Мені кейінгі ұрпаққа таза, ұқыпты күйде қалдыруларыңды сұраймын. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер».
Бекзат
Таза әрі ұқыпты жазуға уәде береміз.
Назерке
Құрметті Ана тілі, Әліппеден үйренгенімізді сізбен әрі қарай жалғастырамыз. Біліміңізді қадір тұтамыз.
Хормен: «Қазағым менің» (ән орындалады).
Концерттік бағдарлама
Енді концерттік номерлерді тамашалаңыздар:
- 1 «Қазақстан» — Нұрбол.
- 2 «Ақ көгершін» — Жансұлтан, Ержан.
- 3 «Кең жайлау» биі — Лаура.
- 4 «Ағатайым» — Көркем.
- 5 Көрініс: «Бауырсақ».
- 6 «Бала тілегі» — Бекзат.
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қорытынды ретінде Нұрбол «Бақытты балалық шақ» әнін орындайды.