Қыс мезгілінің мерекелерін ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Қыс

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, орыс тілі

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер
  • Анимациялар мен музыка

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсат

«Қыс» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық мақсат

Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін және қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсат

Жылдың әр мезгілінің өзіндік әсемдігі мен қажеттілігі бар екенін таныту.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту)

Амандасу, сыныптың көңіл күйін сұрау, кезекшіні анықтау, сабаққа қатысуды белгілеу, аптаның күнін айту.

Бүгін қыс мезгілінің бірінші айының бірінші күні — 1 желтоқсан. Ауа райы да қыс мезгіліне сай.

Фонетикалық жаттығу

Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау:

ә і ұ ү ө қ ғ ң һ

Мысал сөздер: әке, іні, ұлу, үлгі, өрік, қалам, ғарыш, аң, қаһарман.

Жаңылтпаш

Қыс түсті, қыс түсті, құс ұшты.
Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Сөздік жұмысы

Қолшатыр
зонт
Жаңбыр
дождь
Суық
холодно
Ауа райы
погода

5-тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:

  • Күзде ..... суық.
  • Біз ..... киім киеміз.
  • Мен пальтомды, ..... кидім.
  • Кеше біз ..... бардық.
  • Күз маған өте ұнайды. ..... туралы әңгіме жаздық, сурет салдық.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Қыс». Сабақ барысында тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысасыңдар, дауысты дыбыстардың жіктелуі бойынша білімдеріңді бекітесіңдер және қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренесіңдер.

Тыңдалым

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін тыңдаймыз.

  1. Өлең қай жыл мезгілі туралы?
  2. Қыс айларын атаңдар.

Сөздікпен жұмыс

  1. Сөздікті оқу.
  2. Сөздермен сөйлем құрау.
Батыс
запад
Шаңғы
лыжа
Аққала
снеговик
Тәуелсіздік
независимость

Сұрақтар (Тәуелсіздік тақырыбы)

  1. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
  2. Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады?
  3. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз?

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту барысында 26 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «20 жұлдызды күн» деп аталған мерекелік күнтізбе жасалды. Осы күнтізбеде 1 желтоқсан — Азаматтық қоғам күні деп белгіленген.

(1 декабря — День институтов гражданского общества.)

Мәтінмен жұмыс: «Қыс»

Қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар ұнатады. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды. Қыста біз Тәуелсіздік мерекесі мен Жаңа жылды қарсы аламыз.

Тапсырмалар
  • Мәтінді тыңдау.
  • Мәтінді оқып, түсіну.
  • Оқушыларға мәтінді бір сөйлемнен оқытып, аударту.

IV. Сабақты меңгерту

Топтастыру

«Қыс» тақырыбына қатысты ұғымдарды топтастыру.

2-тапсырма

Қыс мезгіліне тән ерекшеліктерді жазып, кестені толтыр.

Жазылым

Күн ретін жазу. Дәптерге таза, әдемі және қатесіз жазыңдар.

3-тапсырма

Сөздерді екі бағанға бөліп жаз: жуан және жіңішке.

қыс қар көрші сабақ үзіліс есеп мұз бес
Жуан сөздер

Ішіне: ...

Жіңішке сөздер

Сыртына: ...

Фонетикалық талдау (үлгі)

Қар — 3 дыбыс, 3 әріп, 1 бітеу буын.

  • Қ — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан, езулік, ашық
  • Р — дауыссыз, үнді

Сергіту сәті және буын диктанты

Алдымен буын туралы ережені еске түсіреміз. Берілген сөздерді буынға бөліп жазыңдар:

балалар қысқы қар желтоқсан мұз шанамен жауды

Кім қалай бөлді? Бірінші сөзді кім оқиды?

V. Сабақты қорыту

4-тапсырма (сурет бойынша деңгейлік жұмыс)

III деңгей

Сұрақтарға жауап бер:

  1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
  2. Балалар немен ойнап жүр?
  3. Ауа райы қандай?
II деңгей

Суретке қарап 3–4 сөйлем құра.

I деңгей

Сурет бойынша қысқаша әңгіме жаз.

VI. Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • 135-бет, 5-тапсырма: сөздермен сөз тіркестерін құрап жазу.

Мысалы: ақ сөзімен сөз тіркесі — ақ қар.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау.

Толық нұсқасын және слайдын жүктеу (қажет болған жағдайда).