Интербелсенді тақтада халықтық хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар
Сабақтың тақырыбы
Хор өнері (Музыка пәні, 2-сынып).
Мақсаты
Оқушыларды хор өнерімен таныстыру және хор туралы білімдерін кеңейту.
Білімділік
Хор өнерімен таныстыру, ән үйрету.
Дамытушылық
Музыка сауатын және ән айту шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік
Әсемдікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Тыңдату
Көрнекіліктер
Күтілетін нәтиже
- 1 Оқушы хор және халықтық хор ұғымдарын біледі.
- 2 Хордағы дауыстарды ажырата алады.
- 3 Әнді дұрыс орындайды.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шағын өлең
Ал, кәнеки, балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Сабағымызға керекті
Кітап, дәптер алайық.
Дауысымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
Оқушылармен сәлемдесу.
Түгелдеу және сабаққа дайындығын тексеру.
2) Өткен материалды пысықтау
- «Халық музыкасының концерті» тақырыбын тексеру, негізгі ұғымдарды жатқа сұрау.
- Дауыс жаттығуларын жасау.
- «Апа, туған күніңмен» әнін орындау.
3) Үй тапсырмасын бекіту
«Концерт залына саяхат» тақырыбы бойынша әңгімелесу.
4) Жаңа сабаққа дайындық
Ой қозғау
Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)
Шифрланған сөз
Оқушылар жауаптары арқылы сабақтың тақырыбы хабарланады.
5) Жаңа материалды меңгеру
Музыка сауаты
Хор — көп адамның бірігіп ән орындауы.
Барлығымыз бірге ән айтқанда, дауыстарымыз бір-бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз көтеріледі. Ауылдағы жиын-тойларда апа-әжелеріміз бас қосып ән шырқайтынын жиі көреміз.
Ертеден келе жатқан халық әндерін орындау тойдың сәнін келтіреді. Қазіргі кезде де үйлену және қыз ұзату тойларында көпшілік бірге қосылып «Жар-жар» әнін орындайды.
Негізгі ұғым
Халық әндерін орындайтын топ халықтық хор деп аталады. Халықтық хорлар көптеген елдерде кездеседі: орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар кеңінен танымал.
Ең қызығы — олар әндерді бірнеше дауысқа бөліп орындайды.
Көрсету және тыңдату
- Интербелсенді тақтада халықтық хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі.
- Бейнематериалдар көрсетіледі.
- Музыка тыңдау: «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар-жар».
Кәсіби хор
Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды:
Сопрано
Әйел дауысы
Альт
Әйел дауысы
Тенор
Ер дауысы
Бас
Ер дауысы